Home » Жаңалықтар » ЭДЬЮТОН СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

ЭДЬЮТОН СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2-ақпанMediaCAMP Эдьютон 2021 Медиа және цифрлы сауат бойынша инновациялық семинары басталды.
Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан Эдьютонды АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырады. Бұл онлайн іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанның университет оқытушылары, мұғалімдері, медиатренерлер, медиа және цифрлы сауат бойынша сарапшылары қатысып жатыр. Қатысушылар алдағы бес күнде командаларға бірігеді. Бұқараның түрлі топтарына медиа және цифрлы сауаттылықты цифрлы құрылғылар арқылы интерактив түрде үйрететін жобалар әзірлейді. Оларға БАҚ пен цифрлы технологиялар саласындағы халықаралық және жергілікті сарапшылар жетекшілік етеді.
USAID Орталық Азия миссиясының өңірлік директоры Крис Эдвардс Эдьютонның ашылу салтанатына қатысып, пандемия адамдардың ақпаратқа қол жеткізуіне қалай әсер еткеніне назар аударды. «Жалған ақпарат, қауесет, жорамалдар, өтірік хабарламалар мен қастандық теориялары вирустан да жылдам таралады. Міне, сондықтан медиасауаттылықты арттыру үшін күш біріктіруіміз өте маңызды. Адамдар мейлінше сыни тұрғыдан ойланып, ақпарат көздерін талдап, ажырата білуінің өмірлік маңызы бар» деді Крис Эдвардс.
Эдьютон – халықтың медиасауаттылығын арттыруға арналған тиімді жобалар әзірлейтін ашық шығармашылық платформа. Эдьютон қатысушылары: студенттер, белсенділер мен БАҚ қызметкерлері түрлі аудиторияның ыңғайына бейімделген медиасауаттылық бойынша бірегей жобалар жасап, бұқараның жаңа бөлігін қамтиды. Осылайша аймақтағы медиа және цифрлы сауатты арттыруға үлес қосады.
«Жаһандық пандемия кезінде халықтың медиа және цифрлы сауатын арттыру тіпті өзекті бола түсті. Әлем инфодемияға тап келіп, COVID-19 және вакцина туралы өте көп жалған ақпарат таралды. Осы мәселені онлайн-форматта шешуге тура келеді. Бұл оңай емес. Алайда онлайн оқуды қызықты әрі тартымды етуге болатынын Эдьютонымызда көрсетеміз. Биыл интерактив тәсілдерге, ойындар мен визуализацияға көбірек назар аудардық» деп атап өтті “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасының” жетекшісі Марат Бигалиев.
“MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” Эдьютонда дайындалған озық жобаларға қаржылай қолдау көрсетеді.
“MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасын” АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасуға, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі әрі тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы. USAID қызметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуін ілгерілетуге бағытталған, америкалықтардың жомарттығын көрсетеді, бенефициар-елдердің өзін-өзі қамтамасыз ету мен тұрақтылыққа жетуіне үлес қосады. Орталық Азиядағы USAID туралы қосымша ақпарат, “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы”, Internews, Қазақстандағы Internews өкілдігі

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...