Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЦИФРЛЫҚ СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ЕНДІ EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЦИФРЛЫҚ СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ЕНДІ EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

ЦИФРЛЫҚ СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ЕНДІ EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

2020 жылғы 22 желтоқсан,  Нұр-Сұлтан қаласы.
EGov Mobile мобильдік қосымшасына жаңа цифрлық құжат – «Студенттік билет» қосылды. Енді студенттік билетті смартфондағы электрондық үкімет қосымшасы арқылы электрондық түрде беруге болады.
Студенттік билет оқу орнының, жатақхананың немесе кітапхананың аумағына кедергісіз кіру үшін қажет, сондай-ақ билетті көрсеткен кезде студентке мүмкіндіктер немесе жеңілдіктер берілсе пайдалы болуы мүмкін.
«Біз қазақстандықтардың барынша көп құжаттарының цифрлық форматта болғанын қалаймыз. Бұл құжаттардың бумасын түпнұсқада алып жүрмеуге мүмкіндік береді. Өзімен бірге Цифрлық студенттік билеті бар әрбір студент оны талап етілген жерде әрдайым көрсете алады», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Билетті табу үшін қосымшада, «Сервистер» қосымша бетінде «Цифрлық құжаттарды» басу қажет. Студенттік билеттің иесі QR-код арқылы оған қол жеткізе алады, бұл құжатты сұратқан Тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.
Ағымдағы күні eGov Mobile-да келесі цифрлық құжаттар қолжетімді екенін атап өтеміз: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, некені тіркеу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, атын, тегін, әкесінің атын қайта атау туралы куәлік, Білім туралы диплом, некені бұзу туралы куәлік, электрондық техникалық паспорт, ПТР-тест және студенттік билет.
Қосымша ақпарат:
Анар Мағзұмова
Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы
+7 7172 740596
+77775552085
* * * * * * * *
Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...