Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Аудан орталығы болғанына 2 жылдан асқан Мырзакент кенті күн сайын құлпырып келеді. Кентте ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, үлкен құрылыс нысандары бой көтеруде.
Ауданға алғаш әкім болған Бақыт Асанов Мырзакентті құрылыстың ордасына айналдыратын боламыз деген еді. Міне, бүгінде аудан тұрғындары аудан басшысының бұл сөзіне көз жеткізді.
Мырзакенттің көркіне көрік қосатын нысандардың бірі — Даңқ аллеясы. Аудан басшысының бастамасымен С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер «Таймас company» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалап, кейбір орын алған кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты басшыларға ескертулер жасады. Аталған нысанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 17 адам жұмысқа орналасқан екен.
Қазіргі таңда мәңгілік алау ескерткешін әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ротонда құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 2948 м2 тротуар плиткалары, 23 дана орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылып, кіреберіс қақпасының құрылысы жалғасуда.
Аллеяны қоршау жұмыстары да жүргізіліп, 140 дана шырша, 18 дана туя ағаш түптері егілді. Бүгінгі таңда автотұрақ орны мен 2 дана су бұрқақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...