Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемия кезінде жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Бұл туралы Талғат Нәрікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Қазіргі студент – болашақта сіз бен біздің өмірімізге әсер ететін маман. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек.  Кейін олар өзімізді емдейді, сотта судья болады, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді және өзге де күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсетеді», — деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің төрағасы.
Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемнің озық университеттері қолдануда. Сапалы онлайн прокторингтірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалка пайдаланса немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды.
Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады.
Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, КАЗГЮУ қазіргі уақытта онлайн-прокторингті сәтті қолдануда.
«Онлайн форматта сапалы біліммен қамтамасыз етудің белгілері: білім алушылардың оқу контентінеқолжетімділігі, «e-learning»-ге арналған тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысуды және материалды игеруді есепке алу, белгілеу, оқытушылардың студентпен әрқашан кері байланыста болуы, онлайн-емтихандарды өткізу  барысында  прокторингті қолдану. Яғни, онлайн білім беру кезінде офлайнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», — деп атап өтті Басқарма төрағасы.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...