Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ ТІЛДІ АДАМҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚ ТІЛДІ АДАМҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИЫН

ҚАЗАҚ ТІЛДІ АДАМҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИЫН

Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Мұндай пікір «ADALBILIM» жобалық кеңсесінің Фейсбуктегі парақшасында өткен эфир барысында айтылды. Тікелей эфирде «Еңбек нарығында қазақ-ағылшын тілді мамандар неге аз?» деген тақырып талқыланды.
Аталған мәселе жайында қазақ және ағылшын тілдерінің мамандары, медиа саласы қызметкерлері мен жұмыс беруші компания өкілдері арасында пікірталас туындады. «LINGVA TEN» тіл үйрету орталығының директоры Владислав Тен қазақ тілді азаматтадың ағылшын тілін үйренуі үшін көп уақыт кететінін айтты.
«Ең алдымен ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Бұл таза қазақ тілінде сөйлейтін аудитория үшін маңызды. Орыс тілін білмейтін қазақтарға ағылшын тілін меңгеруге көбірек уақыт кетеді. Себебі ағылшын тілі мен орыс тілі бір-біріне ұқсас. Айта кетсем, грамматика, сөздер бойынша ұқсас. Сондықтан екі тілде де, яғни қазақ тілі мен орыс тілін білетін қазақтарға ағылшын тілін үйрену өте оңай, — дейді ол.
Ал «Хабар24» арнасының шетелдік шолушысы, ағылшын тілінің маманы Ернат Мелсұлы Владислав Теннің жоғарыда айтқан пікірімен келіспейді. Оның айтуынша, ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену жеңіл деген ой – қоғамда қалыптасқан стереотип қана.
«Біздің қоғамда ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену оңай әрі қызықты деген қате пікір қалыптасқан, мен онымен келіспеймін. Ол стереотипті бұзуымыз керек. «Хабар24» арнасында таңғы жаңалықтарға орыс тілінде мүлдем шықпаған ақпараттарды ағылшын тілінен қазақшаға аударып, көрерменге ұсынамыз. Медиа саласында жұмысы ағылшын тілімен тікелей байланысты мамандардың жалақысы төмен. Оларға екінші сортты деп қарайды. Нақтырақ айтқанда, қазақ және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде білетін мамандарға қарағанда орыс тілі мен ағылшын тілдерін білетін адамдарды алғанды тиімді деп ойлайды. Нарықта қазақ-ағылшын тілді мамандарға сұранысты өзіміз тудырымыз керек», — дейді Ернат Мелсұлы.
Нарықта қазақ және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде меңгерген мамандарға деген сұранысты тудыру мақсатында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде биыл «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасы ашылды.
«КАЗГЮУ-ге бұл мамандыққа түсу үшін абитуриент қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады. Оқуға түсуші ағылшын тілін төмен дәрежеде білсе де қабылдаймыз. 4 жыл бойы екі тілді қатар дамытып, қазақ-ағылшын тілдерін тең дәрежеде меңгерген мамандарды даярлаймыз. Қазақ тілін білетін мамандар болашақта өз елімізге қызмет ететін болады. Нарықта білім беру бағдарламасында оқып жатқан студенттер оқуын бітіргенде нарықта сұраныс тудырады деген сенімдемін», — «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының жетекшісі.
«ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...