Home » PRESS RELEASE » «Халық» қайырымдылық қоры: медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңгe сыйақы

«Халық» қайырымдылық қоры: медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңгe сыйақы

Коронавирустық пандемия – бұл қазақстандықтар үшін нағыз сынаққа айналған тәжірибесонымен қатар 2020 жылы қазақстандық медицина үшін бұрын-соңды болмаған сынақ.
«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді.
«Halyk» қайырымдылық қоры» Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кұлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі елеулі үлесі үшін мадақтау мақсатында «HALYQ QURMETI-2020» сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады:
«Біздің дәрігерлер – үлкен қиындықтар мен жұмыстың ауыртпашылығына, ауруды жұқтыру қаупі мен моралдықстресске қарамастан қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін нағыз батырлар тәрізді күресті. Бұл нағызерлікол шексіз алғысқа лайық», – дейді қордыңқамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.
«HALYQ QURMETI-2020» сыйлығының  лауреаты атанған медицина қызметкерлері мен ұйымдары  «Halyk» қайырымдылық  қорынан  ақшалай  сыйақы  аладыЖүлденің жалпы  ақшалай қоры 220 миллион теңгені құрайды.
Еліміздің барлық аймақтарынан келген медицина мамандары мен  медициналық ұйымдар сыйлықтың лауреаттары  бола  аладыСыйлыққа  үміткер  болу үшін  сізге Ережемен  танысыпбарлық  қажетті  құжаттарды www.halyqqurmeti.kz  ресми сайтында  тіркеу  қажет.
Объективті және ашық таңдау үшін Лауреаттарды таңдау бірнеше  кезеңнен  тұрадыоның біріншісі – Сыйлықтың ресми сайтындағы ашық  дауыс беру. Екінші кезең – сыйлықтың  арнайы  Сараптамалық  кеңесінің  ашық дауысы боладыЖүлденің  Сараптамалық  кеңесінің  құрамына медицина  саласындағы танымал  қайраткерлермедициналық  әріптестер  құрметтейтін  және  мойындайтынмедициналық  қоғамдастықта  күмәнсіз  бедел  мен сенімге  ие медициналық  кәсіподақтардыңұйымдар  мен университеттердің  өкілдері  кіреді.
Үміткерлерден өтінімдер қабылдау және ашық дауыс беру 25 желтоқсанға дейін жалғасадысодан кейін Лауреаттар марапатталады.
«Халық»  қайырымдылық  қоры» ЖҚ  біздің  еліміздің  барлық медицина  қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді. Төтенше  жағдай  режимі  енгізілген сәттен бастап «Halyk» қайырымдылық қоры»  ЖҚ  COVID-19  салдарымен  күресуге және оларды жоюға бағытталған  көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін өтеусіз беру, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер және қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді беру түрінде көмек көрсетіп, көптеген жұмыстарды атқарды. Енді «Халық» қайырымдылық  қоры»  ЖҚ  медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...