Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы бастаған партия өкілдері әйгілі ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласындағы Түйемойнақ аралында орналасқан «Этно-ауылға» арнайы сапарлап қайтты.

       Іс-шараның басты мақсаты – Абай мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет білдіру.
         «Этно-ауыл» жобасы – халқымыздың салт-дәстүрі мен өмір салтын кеңінен танытатын рухани-танымдық орта. Сапар барысында, өңірлік филиал өкілдері этнографиялық бағытта жабдықталған қазақы безендірілген киіз үйлермен, қолөнер және тұрмыстық бұйымдар ұсынылған көрмелермен, сондай-ақ ұлттық нақыштағы сауда-саттық алаңдарымен танысты. Партия өкілдері ұлттық нақышта тігілген киіз үйлердің сән-сәулеті мен ою-өрнекті ішкі жабдықталуына ерекше қызығушылық танытып, ұлттық қолөнер шеберлерінің туындыларына зор ықылас танытты.
           Сапардың мазмұнын арттыра түскен сәулелі сәттердің бірі – дәл осы күні ұйымдастырылған «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт ойыны. Өңірлік партия өкілдері ойынның өту барысын қызығушылықпен тамашалап, қатысушылармен еркін пікір алмасып, жастар арасындағы ұлттық ойынға деген қызығушылықты оң бағалады.
            Осынау дүбірге толы сапар – тек мерейтойлық іс-шара ғана емес, сонымен қатар  ұрпақ санасына өткеннің өшпес ізі мен ұлттық рухты сіңірудің жарқын көрінісіндей… Тарихи тағылымға тұнған киелі мекен – Түйемойнақ аралы мен ондағы «Этно-ауыл» алаңы мерейтойлық көңіл — күй сыйлап қана қоймай, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға бағытталған мазмұнды сапарға айналды деп толыққанды айтуға негіз бар.
           «Ауыл» партиясы алдағы уақытта да елдің рухани жаңғыруы мен мәдени мұралардың насихатталуына барынша өз үлесін қоса бермек.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...