Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

        «РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМНІҢ АЙБАРЫ»атты облыстық онлайн жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті
        Рәміздер – ұлттың болмысын, мемлекеттің мәртебесін танытатын аса биік ұғым. Елтаңба, Ту, Әнұран – тек мемлекеттік нышандар ғана емес, халықтың тарихын, рухын, арманын бейнелейтін қасиетті рәміздер. Осыған орай, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының бастамасымен жалпы мектеп оқушылары арасында «Рәміздер – Елдігімнің айбары» тақырыбындағы облыстық онлайн жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойындағы патриоттық рухты күшейтіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, сондай-ақ, поэзияға бейімі бар жас ақындарды қолдап, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

       Мүшәйра – онлайн форматта WhatsApp әлемжелілік құралы арқылы болып өтті. Қатысушылар, алдын ала өздерінің тақырып талабына сай өлеңдерін, сапалы түсірілген бейнетаспа нұсқасында жолдады.
Байқауға Абай облысының «ЖОББМ» 8 – 11 сынып аралығындағы 12 үміткер іріктеліп, қатысып, Рәміздер, Елдік, Отан, Тәуелсіздік, Туған жер тағы басқа тақырыптарда жазылған жалынды жырларын ұсына білді.
         Қазылар алқасы – (онлайн түрде) жергілікті ақын, әдебиет пәні мұғалімі және мәдениет саласының өкілдерінен құралды. Бағалау барысында, шығармалардың тақырыпты ашуы, көркемдік деңгейі, тіл байлығы, оқу мәнері мен авторлық ерекшелігі ескерілді. Айта кетейік: марапаттау рәсімі «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының кеңсесінде офлайн форматта өткізілді.
        Жеңімпаздар – жүлдегерлер төмендегідей қорытындыланды:
🔹 Бас жүлде – САҒИМОЛЛАВА ЕРКЕЖАН, (11-сынып, «№31 ЖОББМ»)
🔹 І орын – БИҚАТАЕВА ДИАНА, (11-сынып, «№15 ЖОББМ»)
🔹 ІІ орын – ҚҰДАЙБЕРГЕН МҰХАММЕД (10-сынып, «Жас Ұлан» лицейі),
НҰРОЛЛАЕВ РАУАН (9-сынып, «№20 ЖОББМ»),
АБАЙХАНОВ ӘЛИХАН (9-сынып, «Жас Ұлан» лицейі),
🔹 ІІІ орын – ДАУЛЕТ МАДИНА (8-сынып, «№32 ЖОББМ»),
КАСЕНОВА ЗЕРЕ (9-сынып, «№10 ЖОББМ»),
ЖАБАЕВ МЕРЛАН (9-сынып, «№39 ЖОББМ»)
НӘСІПҚАЗЫ БЕРІК (10-сынып, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 Гимназия»)
        Сондай-ақ, ерекше ынта — жігерімен көзге түскен қатысушылар – Серікжан Махамбет, Бекұлан Алдияр, Айдарбек Алихан (9 — 10-сынып, «Жас Ұлан» лицейі) – «Алғыс хаттармен» мадақталып, барлық жүлдегер оқушыларға кітап, постер-күнтізбесі сияқты сыйлықтар табыс етіліп, арнайы дипломмен марапатталды.
        Кілең өнерлі өрендер қатысқан мүшайрада, жас ақын Рауан Нұроллаев «Рәміздер күні мерекесі мен «Ауыл» партиясына» өзінің жүрекжарды жалынды жыр шумақтарын ағылтты. Ал, келесіде, өнерлі жас ақын қыз Еркежан Сағимоллаева «Ер Тұран» күйін күмбірлетті.
Шараны тамашалауға келіп қатысқан бірді-екілі ата-аналар мен ұйымдастырушылар және жүлде алған оқушылар бірігіп естелік фотосуретке де түсті.
        Мүшәйра соңында, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы жүлделі жас ақындарға бір ауыз өз сөзін айтты: – «Ауыл – ұлт тұғыры» екендігіне тоқтала келіп, өнерлі жастар қатары сол ауылдық аймақтардан шығатынын тілге тиек ете отырып, барлық мүшайраға қатысқан оқушыларға шығармашылық ізгі тілегін жолдап, олардың болашағынан зор үміт күтетініне сенім білдірді. Соныменде, жалпы ел жұртын, жастар қауымын «Ауыл нақыштары» фотобайқауына қатысуға шақырды. Бұл рухани- патриоттық іс — шара жас ұрпақтың бойына елдік рухты сіңіріп, мемлекеттік Рәміздердің маңызын терең ұғындыруда өзіндік үлес қосты. Оқушылардың жүрек түкпірінен шыққан жырлары – елге, жерге деген махаббаттың айқын көрінісі болды.
        «Ауыл» партиясының бастамасымен жүзеге асқан аталған бұл мүшайра – рухани тәрбиенің жарқын үлгісі деуге болады. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар жалғасын табады.
 «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...