Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК

ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК

        «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ол сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс», – деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп кеткен еді.
         Қай кезде де елдің болашағы жарқын болуы үшін саналы да, саламатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу қажеттілік болып саналған. Елімізде кейінгі жылдары білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамытуды көздеген қарқынды өзгерістер орын алуда. Оның бірқатары өскелең ұрпақтың сана сезімінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Осы ретте бүгінде еліміздегі балабақшаларда ұлттық құндылықтар негізінде балаларға тәрбие беруге ерекше назар аударылып, жақсы жұмыстар атқарылуда.
        Осы жерде айта кетерлігі ғалымдарымыз «ертеде қазақтың әр үйінде болған асықтарды тек ойыншық ретінде ғана емес, оны әдіс ретінде балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелеу құралы ретінде қолдануға болады. Жалпы біз өзіміздің қазақи ойындарымызды негізге ала отырып, жаңа мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, бүлдіршіндерді оқыту барысында қолдануымыз керек. Бұл тек ата-бабамыздан келе жатқан құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, сондай-ақ өзіміздің оқыту әдістерімізді жасап шығаруға үлкен септігін тигізеді, – деген пікірде. Бұл әрине құптарлық пікір.
        Қорыта айтар болсақ, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында балабақшаларда тұрақты түрде өтілетін әртүрлі іс-шаралардың арқасында жас буынның бойына ұлттық құндылықтарымыз сіңірілуде. Соның арқасында олардан ұлтжанды азаматтардың өсіп шығары анық.
Орынбек Сымбат Асылханқызы,
«Ерке сұлу» бөбекжай балабақшасының әдіскері. Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...