Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
"ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР" МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

           2025 жылдың алғашқы  патриоттық іс-шарасы Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Ұлттық ұлан күніне» орай өткізілді. Бұл мерекелік шара  «Ұланымыз – ұлы елдің» деген атаумен өтіп, жас ұрпақты патриотизмге баулуды мақсат етті.
       

           Бұл іс-шараға, «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» жоғары сынып оқушылары — Шаяхмет Бекзат, Рүстемұлы Жарас, Айдарбек Алихан және Сансызбай Саян белсене қатысты. Олар отаншыл тақырыптағы рухты көтеретін, елге, жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін жүрекжарды жырларын көпшілік қауым алдында оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді.
         «Жас ұландардың» өлеңдері елдің бірлігін, тәуелсіздікті, ата-бабалардан қалған асыл мұраны қастерлеу тақырыбында өрбіді. Әрбір жыр жолынан туған жерге деген шексіз махаббат пен болашаққа деген сенім байқалып тұрды. Бұл жырлар жиналған қауымның көңілінен шығып, шынайы қолпашқа ие болып, қайталанбас әсер қалдырды.
          Шара барысында,  қатысушылар «Ұлттық Ұланның» ел қорғаудағы рөлі мен маңыздылығы туралы ақпаратпен де танысты. Әскерилердің ерлік жолдары, отансүйгіштік қасиеттері мен жауапкершілігі жастарға үлгі ретінде айтылды. Іс-шараға келген қонақтар мен оқушылар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Ұлттық ұланның»  қажырлы еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
     Бұл іс-шара жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға, тарихи мұраны қастерлеуге және өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызы зор мәдени оқиға болды.
         «Жас ұландардың» шын  жүректен шыққан өлеңдері әрбір қатысушының жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, болашақта да осындай рухани кештердің жалғасатынына сенім ұялатты. Ал кеш соңында, музей басшылығынан,  мерекелік шараны ұйымдастыруға атсалысқан оқушыларға «Алғыс»  айтып, олардың рухты жырлары жастар арасында патриоттық сезімді нығайта түсетінін атап өтті.
          Атап кетерлігі бұл мерекелік кеш – Отанға адал қызмет етуге тәрбиелейтін, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын игі дәстүрдің көрінісі болып, жас ұрпаққа үлгі боларлық әсерлі сәттермен есте қалды.
Ерік ОМАРҒАЛИЕВ,
 ҚР Журналистер одағының мүшесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...