Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ШЕТІН МӘСЕЛЕ БОЛМАУҒА ТИІС – ДЕПУТАТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ШЕТІН МӘСЕЛЕ БОЛМАУҒА ТИІС – ДЕПУТАТ

ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ШЕТІН МӘСЕЛЕ БОЛМАУҒА ТИІС – ДЕПУТАТ

          ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublika» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков өңірлерге жасаған сапары аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында болды.
         Халық қалаулысын күтіп алған департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов мәртебелі қонақты арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жұмысымен таныстырды. Ел шебінде күрделі тапсырмаларды орындау үшін жасақталған топтың заманауи үлгідегі киімдері қару-жарақтары да депутаттың назарынан тыс қалған жоқ. Әрі қарай, депутат О.Құспеков техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің казармасы мен оқу-өндірістік зертханасын аралап көрді. Департамент бастығы депутатқа Шекара қызметінің бөлімшелеріне қажет мамандық түрлерін даярлау кезінде кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді.
         Кездесу барысында шекара басқармасының жылу қазандығын қайта жаңғырту мәселесін шешу жолдары, шекара аумағын сумен қамту және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер айтылды. Сондай-ақ, өздерінің Отан алдындағы азаматтық борышын туған елінің шекарасында өтеген мерзімді қызметтің сарбаздарын әскерден кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі де көтерілді. Осы жерде айту керек, департаментке қарасты шекара басқармаларының оқу базасында жас жауынгерлер курсынан өткен сарбаздарға мұнда мамандық алғанын айғақтайтын сертификат беріледі. Алайда, бұл құжат сарбаз әскерден оралған бетте өзінің күшін жоғалтады екен. Департамент бастығы полковник Ә.Каюпов депутатпен осы мәселені талқылады.
        – Мемлекет әскери қызметшілердің қызметін жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіс. Заманауи үлгідегі техникалармен қамтамасыз етумен бірге тұрмыстық мәселелер де назардан тыс қалмайды. Шекарада сапалы және қауіпсіз қызмет атқару үшін барлық жағдай болуы қажет, – деді О.Құспеков.
         Шіліңгір шілде мен қақаған қаңтарда шекарамыздың тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылардың әсіресе әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы сын көтермейтінін осыған дейін де депутаттар айтып, дабыл қаққан болатын.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...