Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ШӘКІРТТЕРІМІЗ ТАЛАЙ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШӘКІРТТЕРІМІЗ ТАЛАЙ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР!

ШӘКІРТТЕРІМІЗ ТАЛАЙ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР!

         2024 жыл біздің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекетік мекемесі үшін ірі табыстарға толы жыл болды десек қателеспейміз.   
        2024 жылдың 21-22 қазан күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәулетова Салтанат Нұртазақызының жетекшілігімен 11 «Г» сыныбының оқушысы Курушбек Балнұр Қайратқызы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында болып өткен «Жыр алыбы — Жамбыл» атты республикалық кезеңінде ерекше дарынымен облысымыздың намысын қорғап «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
       Сондай-ақ, Ресейдің Якутия қаласында өткен «Дети Азии» VIII спорттық ойынында жасөспірімдер арасында біздің мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Мұхтар Нұрасыл (жаттықтырушысы Кияшев Мирлан) волейболдан Қазақстан құрамасында  ерекше  спорттық шеберлікпен ойнап,  қола жүлде иеленді. Ол осылайша өз қабілетінің арқасында білім ордамыздың абыройын асқақтатты.
        Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 10 сыныпта оқитын оқушымыз Айтуғанова Жанель Мадиқызы (Жетекшісі Құрманбекова Жансұлу Акимхановна) жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді.
        Робототехника саласы бойынша Түркістан қаласында өткен «KazRoboSport» робототехника республикалық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңінде, мектеп-лицейіміздің оқушылары 20 команданың ішінде топ жарып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
         Қазақтың даңқты үш биі –Төле бидің 360 жылдығы, Қазыбек бидің 355 жылдығы және Әйтеке бидің 340 жылдығына арналған 7-10 сынып оқушылары арасындағы «Дала данышпандары» тақырыбындағы «Сыр шерткен бізге көнеден, Ұрпаққа үлгі өнегең» атты республикалық  байқауда 10 «Ә» сынып оқушысы Анарбаева Аяжан Олжабайқызы (жетекшісі Гүлжаухар Жораева)  жүлделі І орын иеленіп, көпшілкті өз өнерімен тәнті етті.
       Спорттың волейбол түрінен 2024 жылдың 01-09 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған 2011-2012 жылдары туылған ұлдар арасындағы республикалық турнирде Түркістан құрамасында, біздің мектептің 8 сынып оқушысы Тайырхан Нұртай қатысып, командасымен  ІІ орын иеленді.
Мединаев Данияр Аманович,
Д.Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейі директорының
 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай қаласы. Түркістан облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...