Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

«ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

          21 желтоқсан 2024 жыл.  Семей қаласындағы № 20 мектепте қазақтың ұлттық мұрасы – Айтыс өнерін дәріптейтін маңызды мәдени шара өтті. «Семей Халықтық ақындар орталығы» мен «Семей қаласының білім бөлімінің» ұйымдастыруымен «Жас ақындар жырлаған – Тәуелсіздік» атты қалалық оқушылар айтысы өткізілді.
          Бұл айтыста Семей қаласының 10-нан астам мектептерінен келген жас ақындар жыр додасына түсті. Жалпы саны 5 жұп жас айтыскер ақындар өздерінің тапқырлығы мен сөз шеберлігін ортаға салып, көрермендерді жалынды жырға бөледі. Сөз сайысы  барысында жас ақындар ел тәуелсіздігін жырларына қосып, сахна төрінде ұлттық рух пен патриотизмді асқақтатты.
          Семей «Халықтық ақындар орталығының» жетекшісі, айтыскер ақын, құрметті ұстаз, ҚР Мәдениет қайраткері, Семей қаласының «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері Омарбаева Дәмеш, «Халықаралық Айтыс ақындары мен Жыршы — Термешілер одағының» Абай облыстық филиалының төрағасы, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Дәулет Сметов, сондай-ақ,  N 47 жалпы орта білім беретін мектептің  әдіскері сөз  сөйлеп,  жас ақындардың өнеріне өз дәрежесіне сай баға берді. Сахнаға шыққан оқушы ақындарға өз алғыстарын білдіріп, болашақта қазақтың айтыс өнерінің биігін бағындыратын жас таланттардың өсіп келе жатқанына куә болды.
          Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иелерін Әділқазылар алқасы  анықтады:
        I орын: Нұроллаев Рауан (№20 мектептің оқушысы).
         II орын: Асубаев Назар (№37 гимназияның оқушысы), Тұрғанбекова Аяжан (№6 гимназияның оқушысы).
         III орын: Айдарбек Алихан («Жас Ұлан» арнайы ерлер лицейінің оқушысы), Болатұлы Әлихан (№47 мектептің оқушысы), Ардақұлы Мерлан (№39 мектептің оқушысы).
        Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, айтысқа қатысқан барлық жас ақындарға алғысхаттар табысталды.
         Аталмыш мәдени шарада N 20 мектеп жас дарындарының орындауындағы патриоттық әндер шырқалып, шараның рухани маңыздылығын арттыра түсті. Мектеп директоры қатысушылар мен ұйымдастырушыларға шын жүректен өзінің алғысын білдіріп:
          «Бұл айтыс – жас ұрпаққа ұлттық өнерді насихаттау мен патриоттық тәрбие берудің тамаша үлгісі. Осындай шаралар жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді», – деді.
         «Жас ақындар жырлаған – Тәуелсіздік» айтыс тәуелсіздік идеясының ұлт жүрегінде мәңгі сақталатынын дәлелдеп, көрермендерге айырықша рухани әсер сыйлады. Ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Семей қалалық Мәдениет сарайы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...