Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        Жетісай ауданының тұрғындары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қолдауымен қала, кент, барлық ауылдық округтерде заманауи спорт алаңшалары мен спорт кешендері салынып, ел игілігіне тапсырылуда.
        Сондай нысандардың бірі – Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекенінде 2021 жылдың тамыз айында құрылысы басталған заманауи стадион.
        Аудан басшысы «Kazakh The-Stroy» ЖШС жүргізген құрылыс жұмыстарының сапасын көріп, стадионның жұмысымен танысты. Аталмыш стадионда жүгіру жолы, көрермендерге арналған 500 орындық, жаттықтырушылар мен төрешілерге, медбикелерге арналған жеке кабинеттер, командаларға арналған киім ауыстыру мен жуыну, жаттығу бөлмелері, тіпті, салтанатты шараларды өткізуге арналған трибуна да қарастырылған.
       Әйтсе де, әлі де тапсырыс беруші тарапынан қабылданып үлгермеген нысанның көгалдандыру, суландыру, қоршау жұмыстарының кейбір бөліктерінде орын алған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына ескерту жасалып, қысқа мерзім ішінде олқылықтарды жоюды тапсырылды.
       Сондай-ақ аудан басшысы Ж.Ералиев ауылдық округінің Көктөбе елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарымен танысты.
         Биыл құрылыс жұмыстарын бастаған «Намыс» ЖШС өкілдері 30 желтоқсанда толығымен аяқтап, ел игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде конкурстық құны 197 757 669 теңгені құрайтын нысанның негізгі жұмыстары аяқталған. 314,42 шаршы метр аумақтың 0,200 га бой көтерген ғимаратта ауыл тұрғындарына қажетті алғашқы медициналық көмектің барлық түрі көрсетілетін болады.
         Сонымен қатар аудан әкімі елді мекендердегі білім беру ұйымдарының жылыту маусымына дайындықтарын, жылыту қазандықтарын қатты отыннан (көмірден) табиғи газға ауыстыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына ескерту беріп, нәтижесін өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...