Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

         Біздің М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде жақында Тілдер мерекесіне орай, орыс тілі мен әдебеиеті бірлестігі мұғалімдері  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбы аясында іс-шаралар өткізді.

        Өзіндік орны бар көрнекті жазушы, ғалым және педагог Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы халықты тәрбиелеуге, қазақ ұлтының болашағын ойлауға, ұлттық рухты сақтауға,  қазіргі қоғамға да өзекті тұжырымдарға сүйене отырып «Ж. Аймауытоватың педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтарының көрінісі» тақырыбында мұғалімдер  арасында С.Абилова және А.Шералиева апайларымыз дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде мұғалімдер Ж.Аймауытовтың өмір жолы мен еңбектері таныстырылып, бейне үзінді көрсетілді. Сонымен қатар ситуациялық сұрақтарға ұлттық құндылықтарды назарға ала отырып ұстаз бен шәкірт арасындағы түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын талқылады. Дөңгелек үстел өте сәтті әрі жоғары деңгейде өтті.
       Тіл – ұлттың айнасы. Әр халықтың өз тілі бар, ол арқылы сол ұлттың рухани болмысы, тарихы, дүниетанымы танылады. Тіл – бір ғана қатынас құралы емес, ол халықтың мәдениеті, дәстүрі, салт-санасының қалыптасуының негізі дей отырып «Тілім менің тірегім» тақырыбы бойынша  8-10 сыныптар арасында Р.Мауленова, Ж.Туребекова және Б.Джумабаева сынды апайларымыз эссе байқауын өткізді.
           Бүгінгі таңда тілге деген қамқорлық тек сөз жүзінде қалмауы керек. Мектептерде ана тілін оқыту, әдеби шығармаларды насихаттау, мәнерлеп оқу сайыстарын өткізу арқылы тілге деген сүйіспеншілікті арттырамыз. «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында жатқа мәнерлеп оқу сайысын А.Искендирова, Б.Хамраев, К.Рузиев апай-ағайларымыз ұйымдастырды.
         Оқушылар сайысқа белсенді қатысып өз өнерлерін көрсетті. Тілге деген құрметті айшықтап, оның әсемдігін жеткізуге талпынған оқушылар, атап айтқанда 4 «Ә» сынып оқушылары «Учат в школе» әнін хормен орындап, сонымен қатар 4 «Б» сынып оқушылары С.Байс, А.Турап, Р.Тулеп, 8 сыныптар арасынан Т.Алайдар, К.Иса 7 сыныптар арасынан І.Сағатбай, 9 сыныптардар А.Дуйсебай өз қатарластарынан оза шауып І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.  Ұстаз еңбегінің жемісі жеңістермен айқындалды.
         «Тіл рухани қазына» деген ұғым – халқымыздың рухани байлығын, оның түп-тамыры мен болашағын анықтайтын құндылық. Бірлестік ұжымы әр-бір өткізілген іс-шараларға ат салысып белсенділік танытады. Сонымен қатар, шәкірт тәрбиелеуде, тілімізді құрметтеп, оны сақтай білсек, ұрпақтан-ұрпаққа ұлтымыздың қадір-қасиетін, мәдениетін жеткізуде талмай еңбек етуде.
 М.Шоқай атындағы № 26 ЖББМ
орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...