Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

           Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Ислам Пірназаровтың шәкірттерінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында 2008 – 2009 жылы туылған қыздар арасында волейболдан облыстық турнир болып өтті.
         Жарыстың салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, Ислам Тұрдыбайұлының туыстары мен шәкірттері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
        Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісу, жастардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, ұлағатты ұстаз Ислам Пірназаровты еске алу болып табылатын облыстық байрақты бәсекеге Түркістан облысының барлық аудандары мен Шымкент қаласынан келген 20 командада 300-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты.
        Пірназаров Ислам Тұрдыбайұлы 1959 жылы дүниеге келген. 1984 жылдан бастап Жылы су ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы орта мектепте дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімі болып өмірінің соңына дейін еңбек еткен. Ұстаздық ете жүріп оқушы қыздар арасында волейбол командасын құрып, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанған.
         «Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирді алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз» дейді ұйымдастырушылар.
          Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, IV орынға Қазығұрт ауданының командасы, жүлделі ІІІ орынға Мақтаарал ауданының құрама командасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларынан құралған ойыншыларға бұйырды. Ал, жүлделі І орын Түркістан қаласының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды.
         Одан бөлек, жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар – Ажар Жұмағұлова «Үздік қорғаушы», Айзере Хамидулла «Үздік шабуылшы», Ұлжалғас Қожақай «Үздік доп ұзатушы», Назима Каримова «Үздік ойыншы» номинацияларына ие болса, Алена Романова мен Жахонгир Мадалиев «Үздік жаттықтырушы», Батырхан Әбдіәшім мен Бақдәулет Саттар «Үздік төреші» атанды.
       Жарыс соңында жеңімпаздар мен үздіктер ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...