Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДУЛАТ ТАСТЕКЕЙ ӘЙГІЛІ HARVARD БИЗНЕС МЕКТЕБІН БІТІРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДУЛАТ ТАСТЕКЕЙ ӘЙГІЛІ HARVARD БИЗНЕС МЕКТЕБІН БІТІРДІ

ДУЛАТ ТАСТЕКЕЙ ӘЙГІЛІ HARVARD БИЗНЕС МЕКТЕБІН БІТІРДІ

         Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті, тіл жанашыры, «TAS Qroup» қаржы компаниялар тобының жетекшісі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты әйгілі Harvard Business School-ды тәмәмдап, “Гарвардтың түлегі” атанды. 
        Ол 2022 жылы оқуға түсіп, «Жетекші/Президент ретінде басқарушылық» бағдарламасында білім алып, 2024 жылы оқу орнын тәмамдады. Дәл осы бағдарламаны еліміздегі танымал азаматтар да аяқтаған. Соның ішінде «BI Group» холдингінің директоры Айдын Рахымбаев та бар.
        Harvard туралы Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында: «Қырықтың қырқасынан асқан шағымда, қайтадан студент атанып, жатақханада өмір сүріп, лекция тыңдап, емтихан тапсырамын деп кім ойлаған? Әлемнің мен-мен деген кәсіпкерлерімен бірге, жаңа таныстық пен білімге толы естен кетпес үш жыл да зуылдап өте шықты. Гарвардтың маған берген ең құнды дүниесі — нетворкинг, яғни орта. Үнемі даму мен ізденістен жалықпайтын, ұшқыр ойлы, өз саласының үздіктері жиналған оқу орны бұл»,-дейді.
         Меценаттың алған білімі ел дамуына септігін тигізетініне біз де сенеміз!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...