Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БЕЛСЕНДІ АВТОРЫМЫЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БЕЛСЕНДІ АВТОРЫМЫЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

БЕЛСЕНДІ АВТОРЫМЫЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

        «Сайыпқыран.кз» ақпараттық-сараптамалық порталының белсенді авторы – Тамара  Қуанышбекқызы Дәулетбаева журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.
         Тамара Қуанышбекқызы 1968 жылы 9 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде  дүниеге келген. 1985-1985 жж. Алматы қаласындағы №5-ші полиграфиялық училищесін, 1988-1993 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тәмамдаған.
        1993-1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров аудандық «Ғарыш» телеарнасының редакторы, 1995-1998 жж. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Қалқан» апталық басылымының тілші-ұйымдастырушысы. 1998-2023 ж.ж. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Отан сақшысы-Часовой Родины» газетінде аға тілші, бөлім бастығы, ведомстволық басылымның Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті бойынша меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Тәрбиелік, идеологиялық және кадр жұмыстары басқармасының консультанты (әскери журналист) болып істейді. Әскери шені – «запастағы подполковник».
         Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Т.Дәулетбаева республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы. Еліміздегі журналист қыз-келіншектер арасынан шекарашылар туралы қалам тербеген журналист-жазушы.
        Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай, республикалық БАҚ өкілдері арасында өткен шығармашылық байқаудың жүлдегері. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық сайыстың «Әбіш – туған жердің патриоты» номинациясының жеңімпазы. ҚР ҰҚК органдары қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Абай» шығармашылық байқауының «Үздік прозалық шығарма» және «Үздік журналистикалық туынды» номинацияларының жүлдегері. ҰҚК Шекара қызметі «Алтын қалам» атағының иегері. ҰҚК Шекара қызметінің 2023 жылғы «Ең үздік журналисі» номинанты.
         «Арда туғандар», «Шекара соқпақтары» кітаптарының авторы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Мемлекеттік шекара» кітабын шығаруға атсалысса, ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан шекарасының күзетінде» кітабының жауапты шығарушыларының бірі.
        2021 жылы «Шекараны үздік күзеткені үшін» ведомстволық медалімен, Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін 2023 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
         Әріптесіміз Тамара Қуанышбекқызына марапатыңыз құтты болсын дейміз. Біздер баспасөз саласындағы қажырлы, тынымсыз еңбегіңіздің  бағаланғанына қуанышымыз. Сізге ұзақ өмір, мол шығармашылық  табыстар тілейміз.
        «Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталының ұжымы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...