БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ!
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Мерекелік шара
24/10/2024
62 Views
Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру мақсатында «Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілік сабақ өткіздік.
Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі ән ойналып тұрады. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Жүргізуші:
Қарсы алайык бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр беріп.
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және Мектеп алды дайындық сыныбының бүлдіршіндері.
Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша “Берекелі-алтын күз!”» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады. Ендеше «Берекелі – алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.
Балалар хормен: Шаршауды білмейміз,
Көңілді би билейміз.
Әсем сазды ән салып,
Би билеуге дайынбыз.
Жүргізуші :
Қызыл жасыл,сары алтындай,
Жапырақтар күздің көркі.
Ән салайык ,би билейік,
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге
«Күз келді» әнін тыңданыздар.
Жүргізуші:
Балдырғандар бүгінгі,
Еркелігін тастайды.
Күз туралы сіздерге,
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.
Азамат:
Күздің казан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр,сыбдыр түседі.
Айгерім:
Күн суытып жапырақтар түседі,
Астық жеміс жиылды.
Қамбаға құйылды,
Алихан:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алфия:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Нұрбек:
Көбейді құт береке,
Астык толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Арман :
Алтын, сары, кызыл,көк.
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Айтуған:
Қуандырып бізді,
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз.
Айдын:
Алтын ,сары,қызыл, көк,
Алуан,алуан ,жапырар.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Жургізуші: Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді. Ендеше сендер дайынсыңдар ма?
Балалар: Әрине дайынбыз.
Жүргізуші:
Көк майсалы көрікті,
Алқап тола көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін. (Күз)
Жапқандай жапырағымен айналаны,
Қуантып байлығымен халқымды.
Бір қуантып қайту үшін біздерді,
Сабырлы ,сары алтын күз келді.
Балалар хормен:
Біз сізді күтудеміз алтын күз,
Күз ханшайымы келеді.
Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?
Күз ханшайымы : Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге Қыркүйек, Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.
Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді. Қане балалар менің Қыркүйек , Қазан , Қарашамның әнін тыңдандар
Қыркүйек, Қазан , Қараша ән айтады.
Жүргізуші : Қандай тамаша ән балалар сендерге ұнады ма ?
Балалар : Ұнады керемет ән.
Жургізуші:
Әсем әуен салдырған, Клип түсірді жаңадан-деп « Зың-зың Күлпаш» биін қабыл алыңыздар!Сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса , Астана қаласыны жол тартсақ деп отырмыз. Қарсы алыңыздар!
Ойын ата-аналармен!
Ата аналарға сұрақтар беріледі.
Жүргізуші:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайык-деп, Айжан мен Еркеназ қыздарымыздың « Алтын күз» әні мен биші қыздарымыздың «Лента» биін қабыл алыңыздар!
“Қырманға кел” ұлдар биі.
“Көкеністер” биі қыздар биі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Баршаңызды келіп жеткен 25-қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!
Ендігі кезекте ұл-қыздарымыздың орындауында “Жаса Қазақстан” флешмоб қабыл алыңыздар!
Күз ханшайымы балалардың еңбегін байқап,бүлдіршіндерге алып келген жемістерін сыйға тартады!
Ж.САБДЕНОВА,
Э.ТУЛЕЕВА,
Н. Исмайлов атындағы №45 ЖББМ-нің мұғалімдері.
Жетісай ауданы.
2024-10-24