Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА ИМАМДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙДА ИМАМДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА ИМАМДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

           Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Нұғман» орталық мешітінің, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 18-қазан – Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты имамдар арасында кіші футбол, арқан тарту және үстел теннисі сынды спорт түрлерінен аудандық спартакиада болып өтті.
          Шараның ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі.
          Аталмыш спорттық додаға ауданға қарасты мешіттерден жасақталған командалар қатысып, бақ сынасты. Ә дегеннен өздерінің жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, үлкен дайындықпен келген имамдардан құрылған командалар өздерінің тек мешіт пен дін ісінің төңірегінде ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанған кәнігі спортшы екендіктерін дәлелдеп бақты.
           Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шыққан командалар арасында кіші футболдан ІІІ орын «Рахман» командасының ойыншыларына бұйырса, ІІ орынға «Жеңіс» командасының имамдары табан тіреді. Жүлделі І орын «Алаш» командасына бұйырды.
            Ал, үстел теннисінен ІІІ орынды «Түйебайұлы Құралбек» мешітінен Н.Уразбаев иеленсе, ІІ орын «Ән-Нуур» мешітінен келген Қ.Сапарбек, І орын «Әт-Тақуа» мешітінен келген Н.Жайлауға бұйырды.
           Сонымен қатар, арқан тарту сайысында ІІІ орынға «Жеңіс» командасының ойыншылары, ІІ орынға «Рахман» командасының ойыншылары, І орынға «Алаш» командасының ойыншылары ие болды.
           Сайыс соңында Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамының м.у.а Бағдат Шаймерден мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекарыс Әбілдаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұршарифиддин Мейірбек шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, жүлделі орындарға ие болған командалар мен түрлі номинация иеленген жекелеген ойыншыларға заттай сыйлықтарын, аудан әкімінің дипломдарын табыс етті.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...