Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

           Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай, Мақтаарал  ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен аудан орталығы Мырзакент кентіндегі С.Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңа жол ауылдық округіне қарасты «Ақ жол» елдімекеніндегі Қазыбек би көшесінде жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын  жолдың сызықтары жаңартылды.
          Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов «Бұған дейін де жол инфрақұрылымы элементтерін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлаған болатынбыз. Қысқы және көктемгі жауы-шашынның әсерінен бірте-бірте жол элементтерінің барлығы жарамсыз болып қалады, не болмаса оларды көру қиынға соғады. Сондықтан, зебралар мен жол сызықтарын, белгілерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мектептердің жанындағы өткелдер ғана емес, сонымен қатар балалар мектепке барған кезде жиі жүріп өтетін жолдарға да сызылды. Бұл жолдардың барлығы арнайы қадағаланады» — деді.  Сонымен қатар, ол өз сөзінде бүгінде аудан бойынша барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілердің өткелдеріне, автотұрақтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автотұрақтарына жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, толықтай ретке келтірілгеінде атап өтті.
           Қазіргі таңда, жол сызықтарын жаңарту жұмыстары басқа да республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға да жоспарланып отыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...