Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАНЫМЫЗДА 200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНЫМЫЗДА 200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУДАНЫМЫЗДА 200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

          Білім күніне орай ауданымызда  «Бірлік» ауылдық округіне қарасты «Өркениет» елдімекенінде 200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
          Осы білім ордасының ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауданымыздың басшысы Бақыт Асанов, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күні мерекесімен құттықтады.
         Өз сөзінде Бақыт Насырханұлы ауданымызда жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықталып жатқанын да атап өтті. Сонымен қатар, ауданымызда көптеген білім нысандарының құрылысы жүріп, жаңа әрі заманауи мектептердің қатары жылдан жылға көбейіп жатқанында атап өтті. Мәселен, Мақтаарал ауданы қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті.
          Осы кезге дейін  бұл елдімекенде мектептің болмауына байланысты ауылда тұратын 280 оқушы 2-3 шақырымда орналасқан Қ.Пернебаев ауылындағы №34 «Бірлік» және Қоңырат ауылындағы №35 «Болашақ» жалпы орта мектептерінде білім алып келген еді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен болған кездесуде ауыл тұрғындары осы мектеп мәселесін көтерген болатын. Осыған орай, оқушыларға білім беру сапасын көтеру және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, Түркістан облысының Құрылыс басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінде өркениеттіктер облыс басшысы мен аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіруде.
         Жаңадан ашылған мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимаратта физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ кітапханасы, спорт залы, асханасы бар. Жалпы мұнда оқушылар түрлі спорт, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатыса алады. Нысанның қасбетіне де, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.
         Осы жерде атап кетерлік жай, мемлекеттік «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауданымыздың  аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. Сол бағдарлама аясында  2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және «Үлгілі» елдімекенінен 600 орындық  жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары басталғалы тұр.  Бүгінгі күні ауданда жалпы 6 мектептің құрылысы жүріп жатса, тағы 3 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.
С. ҚУАНЫШБЕК,
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...