Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

         Үстел теннисі – әлемде ең көп тараған қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетімді спорт түрі. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы мен техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен ерекшеленетін, көпшіліктің қызығушылығын өзіне аудара білген спорт түрін жастар арасында кеңінен насихаттап, Президент Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру мақсатында ҚР медицина ғылымдарының кандидаты, медицина саласының үздігі, іріленген «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы», Жетісай жоғары медицина колледжінің іргетасын қалаушы, көптеген дәрігерлердің ұлағатты ұстазы болған Тоқбергенов Лауия Тоқбергенұлы мен Тоқбергенов Лайс Лауияұлын еске алуға арналған облыстық турнир өтті.
          Қызылорда облысы мен Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан, Сарыағаш, Сайрам, Келес, Қазығұрт, Отырар, Түлкібас, Шардара, Мақтаарал мен Жетісай аудандарынан келген 150 спортшы өзара бақ сынасқан турнирдің ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, спорт пен медицина саласының ардагерлері, Лауия Тоқбергенұлының отбасы мен туған-туыстары, шәкірттері қатысып, сәттілік тіледі.
         Жас ерекшеліктеріне қарай 18-39, 40-54 және +55 жас аралығындағы спортшылар бірнеше топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтады.
           «Бүгінгі жарысқа қатысушылардың дайындықтары өте жоғары. Бәрі де жеңіс тұғырынан көрінуге лайық. Статусы облыстық дегеніміз болмаса қатысушылардың арасында облыстық, республикалық және халықаралық түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлдегер атанып жүрген 40-там астам чемпион бар» дейді «Жетісай спорт клубы» мекемесінің директоры Таласхан Битөреев.
          Алғаш рет 2002 жылы бастау алып, биыл XVIІI рет өткізіліп отырған дәстүрлі турнирдің қорытындысы бойынша 18-39 жас аралығындағы спортшылар арасында ІІІ орынды жетісайлық Мухамбет Әли Дәулет иеленсе, ІІ орын түлкібастық Жанарыс Таңсықтың, І орын шымкенттік Нұрлан Абатовтың қанжығасына байланды.
          Ал, 40-54 жас аралығында спортшылардан Қызылорда облысының спортшылары Медетбек Ермаханов ІІІ орынға, Дәулетияр Машрапов ІІ орынға табан тіресе, Шымкенттен келген Ермек Екибаев жүлделі І орынды жеңіп алды.
         55 және одан жоғары жастағы қатысушылар арасында шымкенттік қатысушы Вадим Шугаев ІІІ орынды, түркістандық Нартай Төлбасиев ІІ орынды және жетісайлық Марат Абишев І орынды иеленді.
        Одан бөлек, сайрамдық Тоймұрат Ешимов, сарыағаштық Сүндет Мұқанов, қызылордалық Маханбет Асылбеков пен шымкенттік Самат Шакетов «Үздік ойыншы» атанса, шымкенттік Нұржан Талдахметов, Қуатбек Телхозиев, Ғабит Кеңес, Николай Ким, түлкібастық Ескендір Баймұсаев «Ардагер ойыншы» номинациясына, жетісайлық Қаныбек Қарашаев пен шымкенттік Бауыржан Жанбуршин «Шебер ойыншы» номинациясына ие болды.
          Жарыс соңында барлық жеңімпаздар мен түрлі номинация иегерлері ұйымдастырушылардың кубок-медальдарымен, дипломдармен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...