Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЭС САЛЫНСА ОҒАН ҚАНДАЙ РЕАКТОРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЭС САЛЫНСА ОҒАН ҚАНДАЙ РЕАКТОРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

АЭС САЛЫНСА ОҒАН ҚАНДАЙ РЕАКТОРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

          Егер де алдағы алдағы сайлауда азаматтарымыз елімізде АЭС салуға өз ризашылықтарын білдірсе, онда Балқашта салынатын АЭС-ке  қандай реактор түрін таңдалады? Бұл жөніңнде сарапшы, атом энергиясы институтының реактордан тыс сынақтар бөлімінің бастығы Асан Ақаев өз пікірін айтты.
         – Бұл маңызды құрылыс үшін ІІІ және ІІІ + буын реакторлары қарастырылады. Осы реакторлар мүмкіндігінше қауіпсіз. Бір-бірін қайталайтын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар. Пассивті қауіпсіздік жүйелері сыртқы энергияны қажет ет­пейді әрі табиғи физикалық заңдардың әсеріне қабілетті. Мысалы, ауырлық күші реакторды қауіпсіз күйге келтіру үшін оператор қателескен жағдайда немесе әрекетсіздік орын алса да оң нәтижесін береді. Пассивті салқындату жүйелері қазіргі уа­қытта персонал тарапынан толық әре­кетсіздік кезінде 3 тәу­лік ішінде апаттық реактордан жылуды дербес бұруға қабілетті, – деп түсіндірді сарапшы.
           Ма­ман­дан­дырылған физи­ка­лық кедергілердің жиынтығы, апатқа қарсы әрекет ету шара­ла­рының кешені қазіргі заманғы АЭС-тің терең эшелондалған қорғанысын құрайды. Ядролық бөліну реакциясы кезінде пайда болатын радионуклидтердің шығуына алғашқы физикалық кедергі – ядролық отынның өзі. Осы тұстағы нәзік байланыс­ты ұғынуымыз қажет. Екінші тосқауыл – ядролық отын ор­на­ласқан отын бөлетін эле­менттің герметикалық металл қабығы. Ал қалыңдығы шамамен 20 см. болат реактордың корпусы үшінші тосқауыл болады. Төртінші тос­қауыл – бастапқыда 8 балдық жер сілкінісіне, су тасқынына және тіпті сағатына 720 шақырым жылдамдықпен ұшатын 400 тон­налық ұшақпен соқтығысуға төзімді қос герме­ти­калық контаймент.
          Сол себепті де мамандар көпшілікті АЭС  мәселесінде алаңдамауға шақыруда.
Аманбай САРБАСОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...