Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҒДАЙ РЕТТЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҒДАЙ РЕТТЕЛДІ

ЖАҒДАЙ РЕТТЕЛДІ

       Журналист Жәния Ұранқаеваның Үкімет үйіне кіруіне қатысты жағдайды реттеу туралы мәлімдеме
       Астана, 19 қыркүйек 2024 жыл. Бүгін, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының қолдауымен журналист Жәния Ұранқаеваның Қазақстан Республикасы Үкіметі үйіне кіру мәселесін реттеу бойынша келісімге қол жеткізілді.
        Қордың Үкімет аппаратына жолдаған өтініші негізінде Үкіметтің баспасөз қызметі журналисттің ғимаратқа кіру шектеуін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта қарауға келісті. Жәния Ұранқаева өткізу және объектішілік режим туралы ереженің талаптарын, сондай-ақ Үкімет ғимаратындағы БАҚ өкілдерінің қызметін реттейтін өзге де құжаты сақтай отырып, өзінің кәсіби міндеттерін толық көлемде орындауға қайта орала алады. 2024 жылдың тамыз айында күшіне енген «Масс-медиа туралы» Заңның ережелері журналистерді маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарға бару кезінде белгіленген  өткізу және объектішілік тәртіп талаптарын сақтауға міндеттейді.
       «Әділ сөз» қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметіне олардың ашықтығы, сондай-ақ әділдік пен заңдылық қағидаттарын ұстанғаны үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Біз оларға қоғам үшін маңызды ақпаратты жеткізудегі журналист мамандығының маңыздылығын түсініп, мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін алғыс айтамыз.
        Қол жеткізілген келісім – БАҚ өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері арасындағы конструктивті диалогтың жарқын үлгісі және Қазақстан қоғамының мүддесі үшін басқа да мәселелерді шешуде конструктивті диалог мүмкіндіктерінің сарқылмас әлеуетін көрсетеді.
adilsoz.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...