Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ЛЕНИНГРАД ҚАСІРЕТІНІҢ» КУӘГЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЛЕНИНГРАД ҚАСІРЕТІНІҢ» КУӘГЕРІ

«ЛЕНИНГРАД ҚАСІРЕТІНІҢ» КУӘГЕРІ

         Үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында қаһарман қала – Ленинградтың фашист басқыншылары қоршауынан азат етілгеніне 80 жыл толды. Ал осынау, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың өзі «Ленинградтық өрендерім» деп, жалын-жырға қосқан «Ленинград қасіретін» өз басынан кешіргендердің бірі, өзінің саналы ғұмырын шекараға арнаған ардагер, отставкадағы майор Юрий Федорович Никифоров.
       Күз айының басында әскер қатарына алынып, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөліміне түскен сарбаздар үшін 83 жастағы қарт ардагермен кездесу – өздерінің әскер қатарындағы алғашқы әсерлі кездесу болатын.
        Шекара қызметінің қарт ардагері – көзін аша салып, «Ленинград қоршауын» нағыз қасіретіне тап болған Юрий Федоровичпен кездесуді шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы запастағы полковник Д.Мамырханов департамент тәрбиешілерімен бірге ұйымдастырып, кешті де өзі жүргізіп отырды.
        Алдымен Дәулетқали Советқалиұлы сарбаздарға тағдыр тауқыметін аз тартпаған ардагерді таныстырған соң сөз тізгінін мәртебелі қонаққа берді.
          – Құрметті немерелерім менің! Көзімді ашқаныма он бір күн болғанда Ленинград жаудың қоршауында қалыпты. Әкем капитан шеніндегі әскери адам болған екен. Сондықтан соғыстың бірінші күні-ақ майданға аттанған ол 1944 жылы Венгрия жеріндегі шайқастардың бірінде ерлікпен қаза тауыпты. Анам біздің қала жау қоршауында болған кезде қайтыс болса керек. Бірақ бұлардың біреуі де менің есімде жоқ. Білетінім, ағам Коля екеумізді Маня әжеміз етегіне салып жүріп, аштықтан аман алып қалыпты, — дейді қария атақты «Ленинград қоршауында» өткен ауыр күндері туралы.
        Сәби болса да бала болып, бір күлмеген «Соғыс балалары» туралы көп жазылды. Алдымен анасынан, содан кейін әкесінен айырылып жетім қалған Юраның көрер жарығы бар екен, әжесінің тәрбиесінде өскен ол уақыт өте келе қаладағы жетім балаларға арналған суворовшылар әскери мектепке жіберіледі. Әрі қарай әскери байланысшыларды даярлайтын училищеге түсіп, офицер атағын алған Юрий Федорович жолдамамен Қазақстанға аттанады.
        Міне, осы кезден бастап, жас жігіттің шекарадағы әскери ғұмыры басталады. Осында шекарашылардың төл басылымы «Часовой Родины» газетінің тілшісімен жақын жолдас болады. Сол досының арқасында, өздерінің әскери бөлімдеріне жақын тұрған Қазақ радиосының дикторы болып жұмыс істеген Мұқағали Мақатаевпен танысып, арыстан жүректі ақынның өлеңдерін қызыға тыңдайды.
       Осылайша, өз өмірінің айшықты сәттері туралы қызықты етіп әңгімелеген қарияны сарбаздар сілтідей тынып тыңдаған.
         Шара соңында, бөлім бастығы подполковник Сағадат Әуезов қонақтарға тағылымы зор әңгімесі үшін жеке құрам атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, бүгінгі кештің бас бұйдасын ұстаған шекарашы сардар Д.Мамырханов Отан қорғаушылардың қатарын толықтырған жас сарбаздарға аға буын атынан сәтілік тіледі.  
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...