Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

ЖЕТІСАЙ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

          Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биылғы жылы 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың гектары дәндік жүгері мен 6,6 гектар егістігі мал азықтық дақылдары. Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 544,5 мың тонна бақша, 88,3 мың тонна көкөніс, 40,3 мың тонна дәндік жүгері мен 99,2 мың тонна мал азықтық өнімдері алынған.
          Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде аудандағы мақта терім науқанына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсақ, 25 мың гектарға жуық жерге дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, 715 дана тракторлардың, 897 дана трактор тіркемелерінің, 61 дана ОВХ мен 232 дана мақта терім машиналарының дайындықтары пысықталған.
           Сонымен қатар, ауданның күзгі дала жұмыстарына 1665 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, «GREENFUEL» ЖШС және ЖК «Әуезов» операторлары арқылы диқандарға 249 теңгеден босатылуда.
         Сала мамандарының алдын ала жасаған болжамы бойынша 40,8 мың гектар алқапқа егілген мақта шитінен 105,2 мың тонна ақ алтын алынып, орташа өнімділік гектарына 25,8 центнерді құрайды деп күтілуде.
          Мәлімет үшін айта кетейік, аудан аумағында мақта өнімін қабылдаушы 7 мақта өңдеу зауыттары мен 77 мақта қабылдау бекеттері орналасқан. Олардың 45-і Жетісай ауданының мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, 32-сі көршілес Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарының қабылдау бекеттері.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...