Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУДАН БАСШЫСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ БАРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АУДАН БАСШЫСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

        Өткен ғасырдың 60-шы жылдары  536 оқушыға есептеліп салынған осы мектепте қазіргі таңда 1-11 сыныптар аралығында екі ауысымда 838 оқушы білім алады. Өкінішке орай, 57 жыл ішінде мектеп ғимаратына бірде-бір кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан, биыл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында бұл мәселеге кезек күттірмей қаржы бөлініп, мердігер «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысы жүргізілуде. 
        Бүгінгі күні құрылысын сапалы әрі өз уақытында аяқтау өзекті болып отырған осы білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы жұмысты тездету үшін жұмысшылардың санын қосымша 80-100 адамға дейін көбейтіп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарына құрылыс саласында жүрген Мырзакент кентінің тұрғындарын жұмысқа тартуды талап етті.
         Аудан басшысы Б.Асанов егер де жөндеуге қатысты тиісті жұмыстар өз деңгейінде іске асырылмаған жағдайда, түзілген келісімшартқа сәйкес, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына (ГАСК) хабар беріліп, айыппұл салынатындығын мердігерге қатаң түрде ескертті.
         Бүгінгі таңда ауданымызда А.Пушкин атындағы мектептен бөлек,  Қ.Сәтпаев пен М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы білім беру мекемелерінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК,
Мырзакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...