Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

        Ардақты ағайын, Алаш ұрпағы!
        Сіздерді Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің айшықты күні 24-26 тамыз — Туған жер күнімен құттықтаймын!
       1847 жылы Қазақ хандығы біржола ыдырап, тарих сахнасынан түсуінен тура 70 жыл өткен 1917 жылдың желтоқсанында Алаш Республикасы атауымен туы қайта көтерілген Қазақ ұлттық мемлекетінің территориясы 9 облыс, бір гүберне, Закаспий облысының Маңғышлақ, Алтай өңірінің Бийскі, Змеиногор және Барнауыл ояздарын қамтып, жалпы аумағы 3,45 млн шаршы шақырымды құрады.
      Қайта жаңғырған ұлттық мемлекеттің осы жерін Әлихан Бөкейхан одан 7 жыл бұрын — 1910 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген әйгілі «Қазақтар» атты тарихи очеркінде айқындап қойған болатын. 1917 жылдың 12 желтоқсанында (қазіргі күнтізбе бойынша 25 желтоқсан) ІІ Жалпыұлттық Қазақ-Қырғыз құрылтайы осы облыс-ояздарды Алаш Республикасының заңды жер аумағы деп жариялады.
       Алаш Республикасын жойып, орнына Қазақ аутономиялық кеңестік социалистік республикасы болып қайта құрылатын 1920 жылдың тамыз айында «Алаш» арысы Әлихан Бөкейхан Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлімхан Ермекұлын алға салып, кеңес өкіметінің көсемі В.И. Лениннің алдында осы облыс-ояздар қазақ халқының ата-бабадан қалған тарихи меншікті жері екенін дәлелдеп, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қазіргі жер аумағын – территориясын қорғап, бекітіп алды.
        Міне биыл қазіргі мемлекеттік шекарамыздың бекітілгеніне 104 жыл толып отыр.
        Алаш азаматтары! Жеріміз түгел, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Игі тілекпен, Сұлтан Хан Аққұлы!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...