Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ПАНДЕМИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ПАНДЕМИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ

УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ПАНДЕМИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ

«ADALBILIM» алаңында «Университеттердегі цифровизация» тақырыбы бойынша тікелей эфир өтті. ҚР БҒМ қарасты «ADALBILIM» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, білім саласы бойныша сарапшылар қатысып, жоғары білім саласындағы цифрландыру мәселесін талқылады.
КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов пандемияға жоғары оқу орындары әр түрлі деңгейде дайын болғанын айтады. Дегенмен университеттер соның арқасында дамудың дәстүрлі тәсілдерін қайта қарастырып, заманауи білімге бір табан жақындай түскенін де атап өтті. Сондай-ақ Ғалымжан Баянқұлұлы қатысушыларға студенттер мен ата-аналар үшін іске қосылған Smart KAZGUU мобильді қосымшасын таныстырды.
«Бүгінде студенттер үйден шықпай-ақ шотындағы балансын өзі басқара алады. Сондай-ақ сабақ кестесін өзі құрып, өтінішті электронды түрде жазады, анықтамалар мен құжаттарды да қолма-қол алуға мүмкіндігі бар. Мұндай қызметтердің барлығы оларға мобильді қосымшаның көмегімен көрсетіледі. «Қаржы» бөлімі арқылы студент өзінің балансын басқарады. Студент немесе ата-анасы балансты толықтыра алады және шотта қанша қалғанын тексере алады. Сондай-ақ студенттерге бір семестр немесе белгілі бір кезең бойынша көшірімін алуға мүмкіндік қарастырылған», — деді Ғалымжан Құдайбергенов.
Мобильді қосымшаның тағы бір артықшылығы, студент кредиттік оқыту жүйесі бойынша өзінің сабақ кестесін құруына болады. Оқытушыны, сабақ уақыты мен күнін де өзі таңдай алады.
Тікелей эфирде өткен талқылауға қатысушылар әрбір жоғары оқу орны білім берудегі классикалық тәсілдер мен цифрландыруды сәтті үйлестіретін қашықтан оқытудың авторлық моделін әзірлеу қажет деген қорытындыға келді.
ҚР БҒМ қарасты «ADALBILIM»
жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі
Тел: 70-30-42

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...