Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

        Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жұмыс сапарымен Жетісай ауданында болып, әлеуметтік нысандарды аралап,тұрғындармен кездесулер өткізді.
         Б.Тәжібаев мырза осы сапары барысында аудандағы этнос өкілдерімен және қоғамдық ұйым басшыларымен кездесу өткізіп, солармен сұхбаттасты. Осы кездесулерде оған азаматтар тарапынан – стадион салу, билбордтар орнату, мектеп жолы бойында асфальт салу, жарықшамдар орнату секілді өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, жиын барысында «Ата-аналар өз балаларына деген жауапкершіліктерін арттырса» деген тілектер де айтылды.
       Аудн тұрғындарымен өткен кездесулерден соң облыс әкімінің орынбасары ауданда қарқынды жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыстарын аралап көрді. Бірінші кезекте Б.Тәжібаев,  құрылысы 2023 жылы басталған – Жылы су ауылдық округі, Баққоныс ауылындағы ФАП-тағы (Мердігері – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Жоба құны – 303, 208 млн. теңге) жұмыстардың барысын көрген соң, Жетісай аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеуден кейінгі жағдайымен танысты. Ол жұмыстарға  –«ҚазЕвроСтрой» ЖШС мердігерлік еткен болатын.
         Бүгінде аталмыш аурухананың алдынан заман талабына сай қабылдау бөлімі ашылса,  ангиограф медициналық құрал-жабдығы да орнатылған.  Одан бөлек мұнда магнитті резонанстық томографияның медициналық құрал-жабдықты орнату үшін қосымша ғимараттар да бой көтерген. Соның арқасында алдағы уақытта күрделі оталарды осы ауданда да жасауға мүмкіндік туады.
          Осы нысандарды аралап болғаннан кейін,  облыс әкімінің орынбасары – Қазыбек би ауылдық округіндегі №17 Түркістан жалпы орта мектебінің ғимаратымен де танысты. 1972 жылы салынған, екі ауысымда 628 бала білім алатын типтік білім ошағының ғимараты екі қабатты. Облыс әкімінің орынбасары бұл білім ордасын күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс беруді тапсырды.
           Сондай-ақ, Б.Тәжібаев мырза, алғашқы шымылдығын 1969 жылы ашқан Құрманбек Жандарбеков атындағы облыстық Жетісай драма театрында да болып, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...