Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Ел жүрегі - Астана - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Ел жүрегі — Астана

Ел жүрегі — Астана

         «Alikhan Bokeikhan University» кітапханасында Астана күнін мерекелеу аясында «Ел жүрегі — Астана» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Кітап көрмесіне, Астананың көне атауы, сонан кейінгі атауларынан сыр шертетін тарихы терең кітаптар қойылды. Атап айтсақ, сонау Бозоқтан бастап Целиноград, Ақмола, Астана атауларымен өткен жолды ашып көрсететін Астана қаласының негізі қаланған күннен бастап дамуының тарихи маңыздылығын айғақтайтын қаншама сериялы кітап-басылымдары қойылып, бірқатар шолу да жасалды.
        Көрмеден орын алған Ақордамыздың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектілері туралы кітаптардың мазмұны жайлы баяндалғаны менмұдалап өзіне шақырып тұр. «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында», «Астана: суретшілер көзімен», «Астана. XXI ғасыр» манифесі, «Астана» сәулеттік жолсілтемесі сияқты мол деректер мен қом мағлұмат берілген кітаптар легі зерделі зерек ойлы оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлер мен ақылдаса тарту сый іспетті темірқазықтай тартылған жас ақын Ерік Омарғалиевтің жүрекжарды «Жүрегімсің — Астана» ақпарақ-суретті жыр жолдары оқырман қауымның қызығушылығын тудырары анық.
         Барлық көрмеге сыптай тізіліп жым-жымдап қойған керемет үйлескен кітаптар: Елордада салынған жаңа нысандар мен ғимараттардың, Астана көшелерімен саяхат жасауға және қаланың көрікті жерлерімен танысуға айтарлықтай көп көмектеседі десек еш асылық айтқандық емес те. «Астана. XXI ғасыр. «Астана Еуразия Жүрегінде» сынды көптеген кітаптар қатары жарыққа шыққан көрменің мәні мен сәнін келтіріп-ақ тұрғаны шындық. Еуропалық және шығыс мәдениетінің үздік дәстүрлері тоғысқан сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі бейнесін барынша толық ашып көрсетіп, елдің келешегі үлкен сенім ұялатады.
        Сондай-ақ, Қазақстан-Семей телеарнасының «Елге сәлем!» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасына кітапханамыздың қызметкері арнайы мереке күніне орай шақырылып, ұйымдастырылған аталмыш көрме жайында сұқбат берді.
         Гүлдей құлпырған бүгінгі Астанамыздың сәулетті де мәрмәрлі келбеті жаңа Қазақстанның мақтанышына, елдің ұлттық идеясы бекітілуінің және бірігуінің символына айналғанын аңғарамыз. Бақ Ордам — жайна мәңгі, жарқыра!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...