Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
36 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 36 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

36 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д.Суртековтың төрағалығымен семинар өтті.
        Семинарда «қызметтік тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер және дәлелдеу мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызмет көрсету бағытындағы заңнамалар» тақырыптары талқыланды.
       Жиынға облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің комиссия төрағалары мен комиссия мүшелері қатысты.
       Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Сарқыт мемлекеттік органдардың ағымдағы жылдың басынан бері тәртіптік комиссияның жұмысына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша баяндады. Нәтижесінде 488 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қолданылған тәртіптік жазалардың саны 20,5% артқаны байқалатындығын атап өтті.
        Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшiнің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу бойынша заңнама талаптарының сақталуына бағытталған түсіндірме жүргізді.
        Бұл ретте, Д.Суртеков тарапынан кейбір мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану барысында заңнама талаптары сақталмай өрескел бұзушылықтар орын алып жатқаны айтылды.
         Департаменттің талдау нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану қағидалары талаптарының бұзылуы салдарынан 36 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза дұрыс қолданылмаған.
         Өз кезегінде, Департаменттің ұсынуымен заңнама нормалары бұзыла отырып тәртіптік жаза қолданылған бұйрықтардың күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды.
        Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұматай Агенттікпен жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілгенін, нәтижесінде бірқатар бұзушылықтардың орын алғанын, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын және Әдеп кодексі нормаларымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
ҚР  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
 Түркістан облысы бойынша департаменті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...