Home » PRESS RELEASE » News » ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

            Бұл ілгеріде болған оқиға еді.  Әбдіқадыр деген ағамыз жасы отызға тақағанда барып үйленіп, соның тойы әне өтеді, міне өтеді деп дүрлігіп жатқан кез болатын. Әрине, «той десе қу бас та домалайды». Зарықтырып барып жасалғалы тұрған той болғаннан соң ба, ағамыздың әке-шешесі де дүйім жұртты құлақтандырып қойған-ды. Сөйтіп той ертең өтеді деген күні көрші елді мекенді топан су басты да қалды. Кеңшар көтерілді. Аудан аттанды. Ал, Батырбай жәкеміз «көпшілік хабардар болып қалды, тойды өткізіп жіберемін» деп алақұйын болып шапқылап жүр.  Осы хабар ауыл ақсақалдары Әлібай, Тәуекел, Керім, Мешітбай, Айтбай, Анас, Жанай аталарымызды қатты шошытты. «Мұнысы несі? Көрші ел тосын жәйттен жапа шегіп жатқанда, біздің той тойлап жатқанымыз адамгершілікке сияды ма? Тоқтатсын тойды!» деген кесім шығарды. Батырбай жәкеміз біраз бұрқылдап барып басылды. Құдаларға хабар жөнелтілді. Олар қыз жасауын көлікке тиеп қойған екен. Үлкендер оны келе берсін, кейін өздеріне жеңіл болады деп шешті. Сол күні кештете қыз жасауы тиелген көлік те келіп жетті. Қазақы дәстүр бойынша оны қыздың үш-төрт жеңгесі алып келген екен, сый-сияпатын жасап, кері қайтарды. Бұрынғысынша таңға дейін гәккулетіп ән салып, би билеп, думандату болған жоқ.
            Арада ай өтті. Күтпеген нәубеттің беті қайтты.  Батырбай жәкеміз желпінді. Тасқын астында қалған көршілеріміз де ес жиып, тойға тарту-таралғыларымен келді. «Біз қиналып жатқанда өткізбегендеріңіз дұрыс болыпты. Тамашадан біз де қалмадық» деп разылықтарын айтып кетті.
            Мұны неге еске алдық? Еліміздің 10 өңірінде қарғын судың салдарынан күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жұртшылық табиғат апатымен күресте қажыр-қайрат танытып, ел тұтастығын  паш етіп жатыр. «Көп түкірсе-көл» дегенді де дана қазақ айтқан. Жұртшылықтың жинаған қаржысы, басқалай көмегі қиналған халыққа демеу болуда. Ертеңге деген сенім пайда болып, қиындықта қалған жұрт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты жариялаған Үндеуінен жігер, қайрат-күш алды.
            Міне, осы жағдайда қызыл судан аман жұрт қызық қуып, ас та төк той жасап, ысырапқа жол беріп жатуы имандылыққа, қазақы қалыпқа сай келеді ме? Ел басына нәубет түсіп отырғанда даңғазалық неге керек? Мұндайда зардап шегіп жатқандарға қолындағы нанның бір үзімін берсең де көмек көрсетіп, жаймашуақ жақсы күндерді күткен абзал емес пе?
            Қазақ тойды жақсы көреді. «Той-Құдайдың қазынасы» дейтін елміз. Алайда, ел іргесіне топан су кіріп, бір шетіміз қиналып жатқанда, екінші шетіміздің шып-шып терлеп, шыңғырып билеп, діңкеміз құрып, шапалақ ұрып жатқанымыз жараспас. Арды ойлайық, ағайын! Той-тамаша ешқайда қашпайды. Тартына тұрайық!
Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...