Home » PRESS RELEASE » News » ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        Кез-келген суық тию немесе респираторлық ауру жүктіліктің ерте кезеңдерінде, ұрықтың бастапқы қалыптасуы кезінде күтпеген салдар мен асқынуларға әкелуі мүмкін. Өйткені көптеген дәрі-дәрмекті жүктілік кезінде қолдануға мүлдем болмайды.
       Жіті респираторлық вирустық респираторлық инфекциялар қаупі:
        Жіті респираторлық вирусты инфекцияға кез келген адам шалдығуы мүмкін және болашақ аналардың да оны жұқтыру ықтималдылығы бар. Жүктілік үш кезеңге созылады, сондықтан ол ЖРВИ мен тұмау жұқтырудың қауіпті кезеңіне дөп келеді. Сол себепті кейде ауру жұқтырудан сақтану қиын. Әсіресе,жүкті әйел жұмысқа барып жүрсе және адамдармен үнемі байланыста болса, жағдай тіпті ушығады. Бұл кезеңде әйел организмі инфекцияға қарсы тұруға әлсіз, суық тию әлдеқайда оңай.
       Жіті респираторлық вирустық инфекциялар – жүктілік кезінде ауруханаға жатқызуға негіз бола алатын себептердің бірі. Сондықтан оның алғашқы белгілері білінген кезде шұғыл түрде дәрігерге бару қажет. Маман жүктілік пен әйелдің жағдайын ескере отырып, тиімді дәрі-дәрмек жазады, еңбекке жарамсыздық парағын береді және қажет болған жағдайда ауруханаға жолдама береді.
      Жүктілік кезінде ауру қаншалықты қауіпті?
      Жіті респираторлық вирустық инфекциядан кейінгі жүктіліктің асқынуларына мыналар жатады:
  • плацента жұмысының бұзылуы (қауіп 2 есе артады);
  • преэклампсияның (гестоз) ерте пайда болуы;
  • жатырдағы судың аздығы;
  • туған баланың салмағы тым аз болуы;
  • стандартты терапияның емдері әсер етпейтін жүктілікті тоқтату қаупі;
  • мерзімінен бұрын босану;
  • плацентаның бөлінуі;
  • ұрықтың құрсақішілік өсуінің тежелуі;
  • ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы;
  • жаңа туған нәрестелердің аурушаңдығының артуы.
       Жүктілік кезінде ЖРВИ әдетте ұзақ уақытқа созылады, бірақ ауыр клиникалық көріністер болмайды. Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйе ерекше түрде жұмыс істейді, патологиялық процестер жиі созылмалы болады. Бұл жағдай физиологиялық иммун тапшылығы деп аталады. Мұндайда вирустар ұрықжолдас арқылы анадан ұрыққа енеді. Осылайша «ана-ұрықжолдас-ұрық» жүйесінің барлық үш компоненті инфекциялық процеске кіреді.
      Вирустар қан және лимфа тамырларының өткізу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін, ұрықтың тіндері мен органдарының өзгерістерін тудырады, патогенді микробтар жұқтыру қаупін арттырады.
       Вирустың ұрық жолдасқа енуіне байланысты плацентарлы жеткіліксіздік қалыптасады, жатырішілік дамудың тежелуі болады, ұрықтың созылмалы гипоксиясы (оттегі тапшылығы) болуы мүмкін. Бүгінгі күні жүкті әйелдерде плацентарлы жеткіліксіздік пен кеш пайда болатын гестоздың (үшінші триместрге тән патологиялық жағдай) арасындағы тікелей байланыс дәлелденді.
       Жүктіліктің бірінші триместрінде жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтыру аса қауіпті. Өйткені статистикаға сәйкес, дәл осы кезеңде асқынулардың саны ең көп тіркелген, ал үшінші триместрде асқынулар өте аз болады.
      ЖРВИ жұқтырған жағдайда не істеу керек?
      Жүктілік кезінде жіті респираторлы вирустық инфекция жұқтырған жағдайда міндетті түрде емделу керек. Шұғыл түрде дәрігерге қаралып, тиісті ем қабылдау қажет. Өз бетінше ем жүргізуге болмайды.
       Вирусқа қарсы препараттарды, емдік шөптерді, антибиотиктерді және бактерияға қарсы препараттарды дәрігердің рұқсатынсыз қабылдауға болмайды. Өйткені әйел адамның ағзасы жүктілік кезінде әдеттегі кезеңге қарағанда басқаша әрекет етуі мүмкін.
       Сонымен қатар ауру өздігінен басылады деп үміттену дұрыс емес. Өйткені бұл уақыт жоғалтуға және аурудың асқынуына әкеледі. Бұл анамен қатар баланың да өміріне үлкен қауіп төндіреді.
       Вирустық және жұқпалы аурулардың қоздырғыштары түсік түсіруге және босану кезінде қан жоғалтудың артуына ықпал етуі мүмкін.
      Вирустар сондай-ақ ағзадағы басқа «ұйықтап жатқан» инфекцияларды «оятып», ішкі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін.
      Жүкті әйелдерде инфекцияға ерекше бейімділік жоқ, бірақ жүкті әйелдерде жұқпалы және вирустық сипаттағы респираторлық аурулар жиі ауыр өтеді және емдеу уақытында басталмаса, айтарлықтай асқынуларды тудырады.
      Жүктілік кезінде ЖРВИ-ден қорғануға бола ма?
      Жіті респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алу шаралары күрделі емес. Соның негізгілері мыналар:
       Жүкті әйелдер жабық нысандардағы адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеуі қажет, қолдарын жиі жууы керек, салқын тиюдің алдын алу үшін маусымға және ауа райына қарай киіну керек.
       Дұрыс тамақтану, витаминдер қабылдау және мейлінше көтеріңкі көңіл-күйде жүру де үлкен маңызға ие.
       Сырттан оралғаннан кейін немесе үйде жұмыс істегеннен кейін тамақты теңіз суымен шаю және мұрынды шаю тиімді әдіс болады.
       Жұмыс алдында мұрын қуысын оксолинді жақпа немесе шабдалы майымен майлаған дұрыс.
       Жұмыста және үйде ауаны дұрыс ылғалдандыруға мән беру қажет.
         Сонымен қатар таза ауада тұрақты серуендеу және жүкті әйелдің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып спортпен айналысу туралы ұмытпау керек.
        Жалпы мамандар мұндай аурулар жатырдағы балаға бірден әсер етпейтінін және дер кезінде ем бастаған жағдайда қауіп төндірмейтінін айтады. Мұнда ең бастысы жүкті әйел өз бетінше емдеумен айналыспауы керек екенін ескеру қажет.
       Жүктілік кезіндегі ЖРВИ белгілері:
       Жүкті әйелдерде иммунитеттің төмендеуіне байланысты инкубациялық кезең әдетте 2-3 күнге дейін қысқарады. Егер қоздырғыш жоғары вирулентті болса, инфекцияның алғашқы белгілері инфекция жұқтырғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң пайда болуы мүмкін. Катаральды вирустық инфекциялардың көпшілігінің клиникалық сипаты ұқсас. Жүктілік кезінде катаральды белгілер әдетте бірте-бірте, бірақ жүктіліктен тыс уақытқа қарағанда тезірек асқынады: әйел адам мұрыннан су ағуына, тамақтың ауыруына, құрғақ жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады.
        Вирусты интоксикация тұмау жұқтырған кезде айқын байқалады. Басқа респираторлық инфекцияларға шалдыққан кезде бас айналу, бас ауруы, әлсіздік, дел-сал күй, бұлшықет пен буындардың ауыруы орташа деңгейде байқалады. Тәбет төмендейді, кейде жүрек айнуы мен құсу пайда болады. Аденовирустық инфекция жұқтырса, жарыққа қарай алмау, көздің ауыруы, мойын және жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады.
       3-5 күн ішінде дене қызуы 38 градусқа болуы мүмкін, тұмау кезінде 39-40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Тұмау инфекциясын жұқтырған кезде беттің, мойынның, шырышты қабықтың қызаруы тіркеледі. Асқыну кезеңінің ұзақтығы әдетте 7-ден 10 күнге дейінгі уақытты құрайды.
      ЖРВИ жұқтыруға кімдер көбірек бейім?
         Жүктілік кезінде әйелдің иммундық жүйесі әлсірейді. Бұл ананың ағзасы дамып келе жатқан нәрестені қабылдамауын болдырмас үшін қажет. Иммунитеттің төмендеуі салдарынан жүкті әйел жиі кездесетін ауруларды жұқтыруға бейім болады.
        Суық тиюдің қосымша қауіп факторларына мыналар жатады:
  • гормоналды өзгерістер;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • тоңу;
  • иммун тапшылығы;
  • күйзеліс;
  • күшті қажет ететін ауыр жұмыстар;
  • созылмалы түрде ұйқының бұзылуы;
  • витаминдер мен микроэлементтердің тапшылығы.
Жүктілік кезінде не үшін бел ауырады?
           Сондықтан мынандай ауруға шалдыққан болашақ аналар мұқият бақылауды қажет етеді:
  • семіздік;
  • қант диабеті;
  • артериялық гипертензия;
  • бронх демікпесі;
  • иммуносупрессивті терапияны қажет ететін аутоиммунды аурулар.
        Бұл жағдайларда инфекциялық аурудың асқынулары әлдеқайда жиі дамиды. Сондықтан мұндай топтағы жүкті әйелдер жіті респираторлы вирустық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігер кеңесіне жүгінуі керек.
Мөлдір АБДУКАРИМОВА,
Шиелі ауданаралық көпбейінді ауруханасы, перзентхана бөлімінің акушері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...