Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҒАЛАМТОРДАН АҚПАРАТ АЛМАУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҒАЛАМТОРДАН АҚПАРАТ АЛМАУ

ҒАЛАМТОРДАН АҚПАРАТ АЛМАУ

          Қазіргі кезең ақпараттық заманның уақыты. Білгің келген нәрсенің жауабын ғаламтор беттерінен тез, әрі оңай табуға болады. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын да беретін ақпараттар жетерлік. Соның бірі діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері.
         Бұл мақалада ғаламторды мүлдем пайдалануға болмайды деуден аулақпыз. Тек қана, миллиондаған қайнар көздер арасынан дұрыс таңдау жасай алмай, шалыс басудан сақтануға шақырамыз.
       Ғаламтор беттерінде діни ақпарат іздеген адамға мыңдаған мәлімет көзінің шығатыны белгілі. Осы ақпараттардың қайсысы қаншалықты дұрыс, қайсысы қаншалықты бұрыс екенін көп адамдар аңғара бермейді. Соның салдарынан кей адамдардың санасында күмәнді ақпараттар қалыптасып жатады. Өйткені, деструктивті теріс бағыттағы діни ұйымдар ғаламтор арқылы өз идеолологияларын таратып, жақтастарының санын арттыруды қалайды.
      Мәселен, «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы әлеуметтік медиа мен ғаламторлық технологиялық қосымшаларды пайдалану арқылы шетелден келіп қосылатын жауынгерлерінің санын көбейтті. Сирия Араб Республикасы аймағында құрылған «ДАИШ» ұйымына әлем бойынша қосылушылардың 80%-дан астамы ғаламтор арқылы арбалғандар.
       Радикалды діни ұйымдардың коммуникациялық стратегиясы кең аудиторияға бағытталған трансұлттық сипатқа ие және интернетті қолдануға негізделген. Ғаламтор арқылы таратылатын радикалдық бағыттағы діни идеологиялардың көздейтін мақсаты – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және өз ұйымдарына мүмкіндігінше көп пікірлес адамдарды тарту. Қазіргі ақпараттық қоғамда жымысқы ұйымдар үшін әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмысын жүргізу тиімді болып отыр.
      Ғаламтор террористік және экстремистік әрекеттерді насихаттауда өте тиімді құрал болып тұр. Деструктивті діни бағыттағы идеологиялар үшін ғаламтор арқылы ақпарат таратудың тиімділігі мынада:
– кең аудиторияға қол жеткізу мүмкіндігі;
– ақпаратты анонимді орналастыру;
– материалдарды таратудың жоғары жылдамдығы;
– ешқандай қаржылық шығындарсыз үгіт-насихат интернет-ресурстарын құру мүмкіндігі.
       Көп жағдайда деструктивті бағыттағы діни ұйымдар интернет-ресурстарында орналастырылған өз идеологияларын шетелден жүргізіп басқарады. Сонымен қоса, олардың ақпараттық көздері көбінесе халықаралық домендік атауларға ие болады. Атап айтқанда: «.com», «.org» және «.info».
      Аталған ұйымдар идеологияны тарату мақсатында танымал «ВКонтакте», «Одноклассники», «Twitter», «Youtube», «Facebook» және «Instagram» желілерін көп қолданады. Сонымен қатар, осы аталған желілер арқылы өз идеологияларын қамтыған фотоларды, видеоларды, аудиоларды және электронды кітаптарды репосттаумен (бөлісу) таратып отырады.
       Ғаламтор арқылы деструктивті ақпаратты алудың салдары мыналарға әкелуі мүмкін:
1) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни сипаттағы өшпенділік пен дұшпандық;
2) соғысқа шақыру;
3) жеккөрушілікті, дұшпандықты және үстемдікті насихаттау;
4) адамның ар-намысына, атына және беделіне қол сұғу;
5) сананы психологиялық улануға душар ету.
        Қорыта келе, діни тақырыптардағы ақпараттарды ғаламтор арқылы алуда аса сақтық танытқан жөн. Сондай-ақ, қазіргі кезде Қазақстанда діни бағыттағы оң ақпараттарды қалыптастыратын ресми сайттар да бар. Солардың бастысы – Kazislam.kz, Muftyat.kz, Fatua.kz, Azan.kz, Mazhab.kz, Ummet.kz және басқа да өңірлердегі орталық мешіттердің ресми сайттары. Сондай-ақ, өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жасайтын дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ресми сайты – Centre-tur.kz жұмыс жасайды.
         Электронды мүмкіндік заманауи ақпарат берудің қайнар көзі. Солардың ішінде дұрыс таңдау жасай алу қауіпсіздігіміздің кепілі болмақ. Ақпараттық кеңістікте діни мәліметтерді байыбына бармай алудан сақтануға шақырамыз.
Ә.БОЛАТ,
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ  маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...