Home » PRESS RELEASE » News » Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

         Қарағанды облысының спорт мектептерінде 7 сәуір – Қазақ спортшылары күні мен 7 тамыз – Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады.

          Айта кету керек, 7 сәуір – Қазақ спортшылары күні қазақтың спорттық тарихындағы тұңғыш кәсіби балуан, күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы болған Қажымұқан Мұңайтпастың туған күніне орайластырылып, жастарға еліміздің намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшыларымызды және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында белгіленген. Сонымен қатар 7 тамыз – Ұлттық ойындар күні де жас ұрпаққа халқымыздың спорттық ойындарын насихаттау арқылы, оларды ұлт мәдениетімен таныстыруды мақсат тұтады.

          2019 жылы Қарағанды қаласында тұсауы кесілген Ұлт құндылықтарын сақтау және насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі аталған күндерге орай Қарағанды облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен облыста барлығы 40-тан аса спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған.

         Олар дзюдо, кикбоксинг, қазақ күресі, еркін және грек-рим күресі, бокс, асық ату, бесасық, теңге алу, тоғызқұмалақ, аударыспақ, арқан тарту, қол күрес, үстел теннисі, шағын футбол, жеңіл атлетика спорт түрлері бойынша өтетін болады. Жарыстар Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Теміртау қалаларында және Нұра, Ақтоғай, Шет, Осакаровка және т.б аудандарда тұрақты түрде өтетін болады. Ұлттық құндылықтарымыз арқылы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды барлығы 17 спорт мектебі іске асырады.

        Олардың қатарында:
1. «Мамандандырылған жеке сайыстан балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
2. «Қарағанды қалалық бұқаралық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
3. «Нұра аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
4. «Облыстық мүгедектер спортына мамандандырылған мектеп» КММ,
5. «Балқаш қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
6. «Шахтинск қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
7. «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КМҚК,
8. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің «Дәулет» мектебі» КММ,
9. «Ақтоғай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
10. «Бокс бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ
11. «Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ,
12. «Стол теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ,
13. «Ақсу-Аюлы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
14. «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі Қарағанды қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
15. Қарағанды облыстық филиалы» Динамо » дене шынықтыру-спорт қоғамдық бірлестігі
16. Осакаровка кентінің БЖСМ,
17. «Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК
18. «Дзюдо,самбо, қазақ күресі бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің «Жас сұңқар» спорт мектебі» КММ
19. «Қарағанды қалалық бұқаралық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ бар.
Атап айтқанда облыста 7 сәуір – Қазақ спортшылары күніне орай:
– Дзюдо күресінен 2012-2013 ж.т балалармен жасөспірімдер арасындағы мектеп біріншілігі;
– Кикбоксингтен 2012-2013 ж.т балалармен жасөспірімдер арасындағы мектеп біріншілігі;
– «Қажымұқан Мұңайтпас» – қазақтың танымал балуаны, өмірбаяны, кәсіби спортшының еңбек жолы» тақырыбына әңгімелесу;
– Дзюдо күресі бойынша мектепшілік жарыс;
– Қажымұқан Мұңайтпасұлы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой тақырыбында кездесу;
– Қажымұқан Мұңайтпастың жүлдесіне арналған қазақ күресінен жасөспірімдер 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 ж.т. арасындағы аудандық іріктеу жарысы;
– «Қажымұқан Мұңайтпасұлы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан» тақырыбында кездесу;
– Қазақ спортшылары күніне арналған еркін күрестен мектепшілік біріншілігі;
– Қазақ күресінен Қажымұқан кубогі мектепшілік біріншілігі;
– Қазақ спортшылары күніне арналған қазақ күресінен «Теміртау қ. МОРБЖМ» КМҚК біріншілігі;
– Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Жас сұңқар» спорт мектебінің біріншілігі;
– Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы «Қазақ спортшылар күніне» арналған Күрес түрлері бойынша ОРОМБЖМ «Дәулет» мектебінің біріншілігі;
– Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы «Қазақ спортшылары күніне» арналған Күрес түрлері бойынша ОРОМБЖМ «Дәулет» мектебінің біріншілігі;
– Қазақ күресінен 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы Ақтоғай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі;
– «7 сәуір – Қазақ спортшылар күніне» орай кіші жасөспірімдер арасындағы бокстан Қарағанды қаласының бокс залдары арасындағы біріншілік;
– «7 сәуір – Қазақ спортшылар күніне» орай мектепшілік топтар арасындағы ұлттық ойындар асық ату, арқан тарту, қол күрес жарыстары;
– 7 сәуір – Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күніне дзюдодан Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі;
– 7 сәуір – Қазақ спортшылар күніне арналған үстел теннисінен облыстық ашық біріншілік;
– Қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы Шет ауданының ашық біріншілігі;
– Қазақ спортшылар күніне орай 2018 жылғы Азия Чемпионы, 2023 жылдың Азия ойындарының қола жүлдегері (4х400м) Ахметова Аделина спорт мектеп түлегімен кездесу;
– Шағын футболдан 2010-2012 ж.т жасөспірімдер арасында Осакаровка кентінің БЖСМ ашық біріншілігі;
– Қазақ күресінен 2011-2012 ж.т, 2013-2014 ж.т кіші жасөспірімдер арасында Осакаров ауданының ашық біріншілігі;
– «Қазақ спортшылары күніне» арналған Қарағанды облысындағы «KIDS ATHLETICS» жарысы өтсе;
7 тамыз – Ұлттық ойындар күніне орай облыста:
– Бес асықтан 2010-2012 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Ақтоғай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі;
– 7 тамыз – Ұлттық ойындар күніне арналған тоғызқұмалақтан Шет ауданының ашық біріншілігі;
– «Қазақстандағы ұлттық ойындардың даму тарихы» тақырыбына әңгімелесу;
– БЖСМ оқушыларына арналған жекпе-жектің ұлттық түрі бойынша мастер-класс;
– Нұра ауданының БЖСМ біріншілігі асық атудан жасөспірімдер 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 ж.т. арасындағы жарыс;
– Нұра ауданының БЖСМ біріншілігі Тоғызқұмалақ ойынынан 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 ж.т. жасөспірімдер арасындағы жарыс;
– Тоғызқұмалақ ойыны тақырыбында дөңгелек үстел отырысы;
– Тоғызқұмалақтан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы мектепшілік жарыс;
– 7 тамыз – Ұлттық ойындар күні орай Қазақ күресінен «Жас балуан» атты мектеп біріншілігі;
– Тоғызқұмалақтан мектепшілік біріншілік;
– Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ОМБЖ «Жас сұңқар» спорт мектебінің біріншілігі;
– Жаттықтырушылар арасында «Ұлттық ойындары күніне» арналған «Асық ату» ойыны;
– Аударыспақтан жасөспірімдер арасында Шет ауданының ашық біріншілігі;
– Ұлттық ойындар күніне арналған алғашқы дайындық топтар арасында жарыс;
– Тоғызқұмалақтан 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Осакаров ауданының ашық біріншілігі;
– Ұлттық ойындар күніне арналған мектепшілік жарыстар өтетін болады.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...