Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТӨЛЕГЕН ЖАНҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТӨЛЕГЕН ЖАНҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

ТӨЛЕГЕН ЖАНҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

            «Жас ақындардың жыр мүшайрасы» — 2024 байқауы жобасы аясында 15 – 25 жасқа дейінгі жастар  арасында жыл сайын өтетін жыр мүшайрасы Байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылары одағы» ҚҚ ұйымдастыруымен облысымыздағы  танымал тұлғаларды дәріптеу мақсатында «Рухани тұлғалар табынарым» Облыстық байқауы Құнанбай қажы Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына орай жарияланды.

Мүшәйраның мақсаты: 

Сан ғасырлық тарихымыздағы даңқты бабаларымыздың лайықты мұрагерлерінің орнын айшықтау;
Дарынды да танымал тұлғаларымыздың шарапатын халыққа насихаттау;
Ұлттың ұлы мұраттарының басты бағыттарының бірі «Елге елеулі есімдер» бағытын жандандыру;
Ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру;

Мүшәйра шарттары:

Мүшәйраға қатысушылар төмендегі тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша 2 өлең жазып ұсынуы қажет:
«Дарынды тұлғалар табынарым» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың өркендеуіне зор үлес қосқан  ақын Төлеген Жанғалиевтың өр тұлғасын  жыр жолдарымен мадақтай жеткізу т.б.);
Еркін тақырыпта жазылған өлеңдердер
«Тарих пен тұлға» (қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдары (Яссауи, Сығанақи т.б.) мен ұлт қайраткерлеріне (Бейбарыс сұлтан, Абай хакім т.б.) арнау шығару);

Мүшәйраның талаптары:

Өлеңдер «Дарынды тұлғалар табынарым» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;
Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін yerik.omargaliyev@gmail.com электронды поштасына жолдауы қажет.
Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылады, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.
Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;
Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.
Өлеңдерді қабылдау 2024 жылдың 15 ақпанда басталып 2024 жылдың 15 мамырда аяқталады.

Байқаудың жарнасы

           Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде демеушілердің және ата-аналардың жарнасының негізінде өткізіледі. Байқауға қатысу жарнасы – 1 000 теңге.
Төлем жасау жолдары:  Қазпошта арқылы. Жергілікті мекенжай бойынша Қазпошта бөлімшесіне барып, Еurasian Bank 5269940044620385 төлем коды арқылы жарна төлей алады немесе Каспий Голд карточкасы арқылы 8-747-112-80-26 нөміріне салуға болады.

Мүшәйра барысы: 

           Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен мәдениет мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
           Жеңімпаздар Қарауыл ауылында марапатталады.
           Жеңімпаз авторлардың шығармалары Сайыпқыран.кз сайтында жарияланады.

 Жүлде:

Бас жүлде – (біреу)
Бірінші орын — (біреу)
Екінші орын — (екеу)
Үшінші орын — (екеу)
          Бұдан бөлек 5 адамға Ынталандыру сыйлығы беріледі.
Ұйымдастырушы: «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылары одағы» ҚҚ.
Ақпараттық қолдаушы: Сайыпқыран.кз сайты.
Қосымша ақпарат үшін: 87058114137 (Whatsapp)
Ақпараттық хатқа қосымша Сертификат пен Мақтау және Алғыс хат, сондай-ақ байқау ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ АНКЕТАСЫ үлгілері бірге жіберіліп отыр.
Қосымша ақпарат жайлы:
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлына  (8-747-112-80-26)
Әбіл-Серік Әбілқасымұлына (8-702-671-48-41) хабарласа аласыздар!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...