Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҒИБРАТТЫ КЕЗДЕСУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҒИБРАТТЫ КЕЗДЕСУ

ҒИБРАТТЫ КЕЗДЕСУ

       Біздің білім ордамызда оқушыларымызды отаншылдыққа, мейірімділікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында – осы мектепті бітіріп, қазіргі уақытта еліміздің дамуында өзіндік үлесін қосып жүрген танымал түлектерге арналған » Парасатты азаматтар» жобасы 8 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.
           Оқушыларға  мектептің танымал түлектерінің бірі белгілі  кәсіпкер, өз ісінің шебері Мамытов Нұржанмен кездесу ұйымдастырылды. Кең жүректі, бірнеше балалар үйі мен спорт мектептеріне, қарттар үйіне демеушілік жасап жүрген, Қазақстанның ірі бірнеше компаниялардың иесі, Шымкент қаласындағы » Кемел адам » мектебінің құрылтайшыларының бірі Нұржан мырза оқушыларға қазіргі уақытта Қазақстанның дамуына байланысты өзінің атқарған жұмыстарын таныстыра отырып, оқушыларға қазіргі таңдағы жаңа мамандықтардың тізбесімен таныстырды.Жұмысының жоба барысында 44 мемлекетте болғанын айтты. Оқушыларды ең бірінші білімді болуға, мақсатына жету үшін табанды болуға шақырды.
          Айта кетерлігі, оқушыларға осы бағыт аясында мектептің танымал түлектері – профессор Полат Қазымбетұлымен, ауған соғысының ардагері Жомарт Бақтыбаевпен, жазушы- журналистер Қаныбек Әбдуеевпен, Тамара Даулетбаевамен, Қалмұрат Даулетбаевпен, доцент Нұрлыбек Жұматаевпен кездесулер ұйымдастырылды. Маңызы ерекше осындай әрбір кездесулер оқушылардың мектеп бітіргенде олардың мамандық таңдауына үлкен септігін тигізетіні анық.
Гүлнара ДӘУЛЕТБАЕВА,
Қ.Дәрімбаев ЖББМ- ның директордың тәрбие орынбасары. Жетісай ауданы.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...