Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
САЛАФИЗМ ЖӘНЕ ДЕНОМИНАЦИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Дін » САЛАФИЗМ ЖӘНЕ ДЕНОМИНАЦИЯ

САЛАФИЗМ ЖӘНЕ ДЕНОМИНАЦИЯ

          Қазіргі таңда Қазақстан және Орта Азия елдерінде атышулы ислами ағымдардың алғы шебінде жүрген «Салафизм» ағымы туралы толыққанды анықтама бермесе де түсінікті. Олар туралы мәліметтер мен ақпараттар күніміздегі өмірде қағаз беттері мен әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды жаулап алған. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) айтуынша: «Ең жақсы адамдар менің ғасырымда, одан кейінгі топ келесі ғасырда, одан кейінгі топ келесі ғасырда (Бұхари 2652)»,-деп алғашқы үш ғасырды мақтап кеткені рас. Осыған орай ислам тарихындағы алғашқы үш ғасырда өмір сүрген ғалым-ғұламаларды шариғатта «Сәләфус-солихиндер» деп атайды.
        Ал осы ғалымдардың артынан еріп, солардың жолымен жүрген кісілер тура бағытта жүрген қауым деп айтқанмен, исламды бұрмалап, оны теріс пиғылда пайдаланатын кісілер діннің де қоғамның да жауы секілді көрінеді. Өйткені сол алғашқы ғасырлық тура жолдағы ғалымдардың жолымен жүреміз деп, олардың атын ғана жамылып, ал іс жүзінде мүлдем теріс әрекеттер жасаушы топ қазіргі қоғам дерті деуге болады.
        Сөзімізге дәлел ретінде күллі ислам жұртшылығының бетке ұстар төрт мазхаб ғалымдары Имам Әбу Ханифа (һ. 80-150), Имам Малик ибн Әнас (һ. 93-179), Имам Мухаммад ибн Идрис Шафиғи (һ. 150-204), Ахмад ибн Ханбал (һ. 164-241) бұл кісілердің барлығы дерлік алғашқыда айтылған хадиске сәйкесінше алғашқы үш ғасырда өмір сүрген нағыз «Сәләфус-салихин» ғалымдары. Әлем мұсылмандарының саны 1 миллиардтан асатын болса, соның 90 % — ын осы төрт ғалымның жолын ұстанатын мұсылмандар құрайды.
        Келесі кезекте өзін салафи бағытындамыз деген ағым мүшелері өздерін сол алғашқы үш ғасырдағы ғалымдардың жолымен жүреміз дегенімен, бұл салафи ағымындағы топ жоғарыда айтылған төрт ғалымды мойындамай, біз тек пайғамбар және оның жолында жүрген сахабалар сөзімен, сонымен қатар Құран және Сүннетпен ғана жүреміз деген уәж айтады. Бірақта ұстанатын жолдарының негізін қалаған Тақиуддин Ахмад ибн Тәймия (һ. 661-728), Мухаммад ибн Абдулуаххаб (һ. 1115-1206), Мухаммад ибн Хаж Мухаммад Насруддин Әлбани (һ.1333-1420) ғалымдардың барлығы дерлік жоғарыда айтылған үш ғасырда емес керісінше біздің заманымызға жақын кезде өмір сүрді. Осыдан-ақ білуге болады нағыз «салафус-салихин» кім және өтірік салафтар кім екенін.
        Бізге қызықты болған тақырыбымыздың екінші бөлімінде «Деноминация» туралы сөз қозғаймыз. Деноминация сөзінің тілдік мағынасы – «ақшаның құнды қағаздарға айналу» болғанымен, дінтану саласындағы терминдік мағынасы – бір топқа тыйым салынған соң, ол топ уақыт өте келе өзінің байырғы атауын өзгертіп, бірақта ұстанған жолын өзгертпей, сол қалыпта сақтап қалуын айтады.
         Сөзіміз түсінікті болуы үшін мынадай мысал келтірейік: Бір елде бір ағым қатты шектен шығып, елге және қоғамға айтарлықтай зиян келтірсе, ол ағымға сол ел басшылығы тарапынан тиым салынып, оларға шектеу қойылады. Содан бірнеше уақыт өткен соң тиым салынған топ өздерінің байырғы атауын өзгертіп, басқа жаңа атаумен қоғам алдына шығып, біз баяғы бәлен деген ағым емеспіз, керісінше тура жолда жүрген мынадай топпыз деп өзін жақсы қырынан танытып, бірақ та іс жүзінде баяғы әдеттерінен таймаған кісілер болып шыға келеді. Мұны қарапайым тілмен «қой терісін жамылған қасқырлар» деп жеткізуге болады.
         Келесі мәселе Деноминация мен Салафизм арасында қандай байланыс бар?!
          Осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Салафизмнің негізін қалаушылардың бірі болған Мухаммад ибн Абдулуаххаб атауымен танылған алғашқы «уахаби», «уахабшы», «вахабист» тобындағы кісілер қоғам және әлемге айтарлықтай кері әсерін тигізгендіктен, оларға көптеген елдерде тыйым салынды. Мысалы ислам ғұламаларының көзайымы болған Ибн Абидин «Хашияту роддул мухтар» кітабында Мухаммад ибн Абдулуаххабты адасушы хауариж, пайғамбар артынан ерушілерді күпірлікпен айыптап жатыр деп айтты (Хашия 4 том, 449 б). Уахаби ағымындағы кісілердің іс-әрекеттеріне тыйым салынғаннан кейін, олар уақыт өте келе өздерін біз уахаби емеспіз, керісінше алғашқы кезеңде өмір сүрген салаф ғалымдарының артынан еруші салафилерміз деп таныстыра бастады. Атауы өзгергенімен іс-әрекеттері баяғы уахаби тобындағы кісілердікімен бірдей болғандықтан, міне осы жағдайды Деноминация деп айтуға болады.
         Соңғы мәселе, қазіргі уақытта қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан аталмыш ағымға билік тарапынан тыйым салынып, олардың елде тіршілік етуіне мүлдем тосқауыл қойылғанымен, уақыт өте келе тағы басқа атаумен жаңғырып, бірақта әрекеттері баз баяғы қалыпта қала беретіне кепілдік бар деп айта аламыз!
Құрал АХАД,
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...