Home » PRESS RELEASE » News » МАХАМБЕТ ЖЫРЫНДАҒЫ ИСАТАЙ БЕЙНЕСІН СОМДАУДАҒЫ АҚЫННЫҢ ТІЛ ШЕБЕРЛІГІ

МАХАМБЕТ ЖЫРЫНДАҒЫ ИСАТАЙ БЕЙНЕСІН СОМДАУДАҒЫ АҚЫННЫҢ ТІЛ ШЕБЕРЛІГІ

          Аумалы төкпелі заманда, қара бала қара қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен Махамбет еді. Махамбет – көтеріліс туын көтерген жалынды үгітші, әрі ардақты ақын. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр тіршілігінің мазмұны деп білген Махамбет, қолына қоңыраулы найза алып, асқақ жырымен Исатай басшысының соңынан ерді.
          Махамбет – ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: «Асқар елдің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға», – деп бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті. «Қарада да қара бар, хан ұлы басып өткіссіз», – деп елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Махамбет «қазанаттан туған қаз мойын, ауырдан туған жампозды» Исатай бойынан көрген. Сондықтан да оның жырларында Исатай тұлғасы ерекше бейнеленеді. Ал Махамбеттей өр ақын Исатай бейнесін сомдауда қандай тіл шеберліктерін қолдана білді? Оны ерлігін қалай жеткізе білген?
        Ақын оның ерлігін «Арыстан еді-ау Исатай, бұл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!» деп суреттейді. Ақын, әсіресе, «Тарланым» деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды қол жетпес «таудан мұнартып ұшқан тарланға» балайды. Махамбет оның арыстандай қайратты тұлғасына орай көркем сымбаттын: «Кермиығым,кербезім, керіскендей шандозым…Қырмызыдай ажарлым», – деп суреттейді. Исатайдың сыртқы сұлу пішінімен бірге, «теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім» деп, оның сабырлы, ойлы, парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, «хиуадай базарлым» деп сері екендігін де көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған Ақтабан аты да, асынған қаруы да ақын назарынан тыс қалмайды:
«Мінгені Истайдың Ақтабан аты ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны ай…
Ақтабаны астында,
Дулығасы басында…» – деп қас батыр кейпінде мүсіндеген.
           Махамбеттің Исатайды сонша дәріптеуінің, менің ойымша, негізгі түйіні – «қызғыштай болған есіл ердің» тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында емес, сол ерлікті патшаға,ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағанында еді деп білемін. Махамбет Исатайды халық қам үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді. Ақынның: «Ағайынның басы еді, алтын ердің қасы еді. Исатайды өлтіріп, қырсықта шалған біздің ел» деуі де содан. Өйткені, Исатай – ел басшысы.
         Қорытындылай келе, Исатайға арналған Махамбет өлеңдерінде батырға деген асқан сүйіспеншілік, терең сезім шынайылығымен, мөлдірлігімен оқырманды сүйсіндіреді. Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік таныта білді деуге болады.
Алия ИСКАКОВА,
№ 39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
І деңгейлі директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...