ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Билік, Білім саласы, Жас буын, Өзекті мәселе, Саясат
09/09/2023
4 Views
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты осы жолғы Жолдауында еліміздегі бүгінгі таңда орын алып отырған өзекті мәселелер жан-жақты айтылған. Сол себепті Президентіміздің сонда айтылған ұсыныс-пікірлеріне өз пікірлерін білдіруде. Солардың арасында Жетісай ауданындағы «Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» КММ-ы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулетбаева Гүлнара Қуанышбекқызы да бар.
«Президентіміз осы жолғы Жолдауында да – «2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды»-деп, елімізде бірінші кезекте білім сапасының басты орында екенін, осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы атап көрсетті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: өз сөзінде «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.
Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн.
Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек.
Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын.
Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады»-деді.
Өздеріңіз көріп отырғандай, Президентіміз Қ.К.Тоқаев білңім беру саласы мен жастар мәселесі, олардың сапалы білім алуы үшін не істеу керектігін жан-жақты түсіндіріп берді.Бізге енді соны сапалы түрде жүзеге асыру ғана қалып отыр».
Президентіміздің бұл жолғы Жолдауы да әдеттегідей қарапайым ел тұрғындары арасында қызу қолдауға ие болып отырғаны бізді де қуантып отыр.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдау Жолдауды қолдау 2023-09-09