“Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл мінез-құлықты қолданбалы талдайтын (АВА) қазақ тіліндегі ең алғашқы оқу құралы. АВА терапиясы – әлемдегі тиімділігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген даму ерекшеліктері бар балаларды оқытату оқыту әдістерінің бірі. Кітапты “Болашақ” корпоративтік қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте аударып шығарды. Бұл кітап – «Особые дети. ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ТЕГІН ӨНЕР МЕКТЕБІН АШТЫ
Бүгінде ел болашағы саналатын жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында мектеп табалдырығының, ұстаздар қауымының, жастайынан немен айналысуға қабілетті екенін нақтылаудың алар орны ерекше. Оларға мектеп қабырғасында тек білім ғана беріп қоймай, адами қасиеттерді, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді бойларына мықтап сіңіру де басты назарда. Ал, адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде, олардың ...
Read More »ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Елімізде 2016 жылдан бері жалпыұлттық деңгейде аталып келе жатқан «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің А.Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінде түрлі ұлт өкілдері арасында «Толағай» отбасылық сайысы болып өтті. Ата-аналар мен балалардың, жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып олардың бос уақыттарын тиімді ...
Read More »ТАТУ ҮЙГЕ ТАҚСІРЕТ ЖУЫМАЙДЫ
Тақырыпқа бармас бұрын оқырмандарға мына екі жәйтті айтқым келеді. Бір келіншек жұмысында үнемі «күйеуіммен ажырасамын» деп құрбыларына мұң шағып жүреді екен. Бір күні құрбысы: « Соңғы кезде үнің шықпай қалды ғой. Қалай, күйеуіңмен ажырасатын болдың ба?» деп төтесінен сұрақ тастапты. «Жоқ, ажыраспайтын болдым» депті күйеуіне көңілі толмай жүрген келіншек. «Ойбай-ау, кеше ғана өзің емес пе ...
Read More »ҚОСЖАН РУХЫ ҚАЛҒЫМАЙДЫ
Қазақтың көрнекті ақындарының бірі Қосжан Мүсірепов тірі болғанда биыл тоқсан жылдығын тойлап жатар еді. Алайда, қазақ түңіліп айтатындай, «жақсыда жүрім жоқ». Қосжан да небәрі отыз бес жасында мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Бірақ оның артында мол мұрасы- өлмес туындылары қалды. Бүгінде оның жұлдызды ғұмыры жыр болып айтылады, сыр болып төгіледі. Иә, адам соңында іздеушісі ...
Read More »ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІЛЕРМЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Үстел теннисі – өте қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетерлік ойын. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы және техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен өзіне қатты қызықтыратын ойын. Осындай ерекшелігімен көпшіліктің қызығушылығын өзіне аударып келе жатқан кезекті ойын Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық пробациялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен өтті. ...
Read More »АУЫЛДАСТАР ӨЗ БАСТАМАЛАРЫМЕН СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ
Еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда көктемі ерте келетін Жетісай жерінің тұрғындары да басқа жақтағыларға қарағанда ерте қамданады. Яғни көктемгі егістікті ерте бастап, тазалық жұмыстарын да ерте бастайды. «Туған жердің топырағы – бәрімізге қымбат» деп ұрандатқан Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінің тұрғындары ауыл ақсақалдарының бастамасымен ауылдарына жаппай тазалық жұмыстарын ...
Read More »МӘЖІЛІСМЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Әлемдегі кез-келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші – жарқын болашағы саналатын жастарға артылар үміт зор. Біздің мемлекетімізде жастарға білдірілген сенім бүгінде толықтай ақтала басталғандай. Себебі, шекаралас аймақта орналасса да қазақы қалпынан таймаған Жетісайдың белсенді жастары мемлекет басшысының болашаққа бек сеніммен қадам басқан әрбір бастамасын, жоспарлары мен мемлекеттік қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. ...
Read More »ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Аудан әкімі Мұрат Болатұлының бастамасымен қолға алынған бұл ...
Read More »ПЕРДЕБЕК САЛИЕВТІҢ «ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫМ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Мақтаарал және Жетісай аудандарының құрметті азаматы, көп жылдар бойы ауданның экономика және қаржы саласына еңбегі сіңген Пердебек Салиевтің «Жүріп өткен жолдарым» атты кітабы жарық көрді. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев жазушыны арнайы құттықтап, жаңа кітаптың кейінгі буынға берер тәлім-тәрбиесі жөнінде сыр шертісті. «Кітапты оқып отырып, бір адамның өмірі, жүріп ...
Read More »