Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округ тұрғындары мен мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға бюджеттерден қажетті қаржылар бөлінген. Жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылып, бүгінде жеңімпаз мердігер мекемелермен бекітілген жүйелік кесте бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. ...
Read More »АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК
«Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды. Салтанатты рухани шара күллі ел мен мұқым Алашты қуантты десек артық айтқандық болмас. Себебі, бұл шараның рухани маңызы өте терең. Хакім Абайдың Өлеңтөбесі — осында. Жүрегінен шерлеп, қаламынан сермеп, ойынан тербеп төккен асыл да ғасыр өлеңдері осы — ұйық, осы — бесікте дүниеге келді. ...
Read More »EGOV.KZ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢАРТТЫ
eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады. Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушыларбұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат ...
Read More »Cittaslow тізіміндегі ең әдемі қалалар
Жыл сайын миллиондаған туристерді тартатын Түркияның жағалаудағы әдемі провинциялары баяу, тыныш және босаңсыған демалыс үшін керемет маршруттар ұсынады. Түркияның тіршілік баяу жүретін қалаларында (Cittaslow) уақыт ағымы, дәстүрлер құрметтеледі және пейзаждары таң қалдырады. Таңертең тамаша түрік таңғы ас беріледі; кештер Эгей теңізінің жаңа піскен теңіз өнімдерімен, аймақтық зәйтүн майынан жасалған тағамдармен және тамаша түрік шараптарынан басталады. ...
Read More »TECH ORDA 2024: ТЕГІН IT-БІЛІМ АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА
Цифрлық даму министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандықтарды тегін игеру мүмкіндігін ұсынады. Әлеуетті студенттердің өтінімдерін қабылдау 31 шілдеге дейін astanahub.com платформасында жүргізіледі. Astana Hub базасында ҚР ЦДИАӨМ бастамасы аясында ...
Read More »АУДАНЫМЫЗДА МАҚТАНЫҢ ЖАҢА СОРТЫ ЖАЙҚАЛЫП ӨСУДЕ
Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компания – «Global textile» компаниясы, Түркістан облысы әкімдігімен жасалған екі жақты іскерлік келісім аясында 2023 жылдан бастап ауданымыздың нарығында жұмыс істеуге кіріскен болатын. Ал биыл осы компания біздің ауданымызда 3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Наманган» тұқым сортын жеткізіп, күзге қарай аталған сорттың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр. ...
Read More »СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су қоймасының жағалауында жүргізілді. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Басты табыс көзі диқаншылық болып табылатын аудан тұрғындары үшін ...
Read More »ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс. Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы ...
Read More »АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ 54 ПӘТЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ
Биылғы жылдың басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табыстаған Жетісай ауданында «BinazarGroup» ЖШС басшысы Берік Кембилдің өз қаржысы есебінен тағы 54 пәтерлі 2 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар ...
Read More »МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимур Қырықбаев Мақтаарал ауданына іс-сапармен келіп, ең алдымен депутат аудандық партия филиалының ғимаратында, азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Осы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар – Атакент кентіндегі стадион мен саябақты реконструкциялау, рұқсатсыз сатылып жатқан психотроптық дәрілерге тоқтам қою, жұмысқа орналасу, аудан аумағынан әуежай салу, ПУИД-2 бағдарламасы аясында ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
