Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Жас буын Archives - Page 34 of 46 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын

Жас буын

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

          Оқушыларымызды өңіріміздің бай тарихымен таныстыру мақсатында біз жуырда Атакенттегі мұражайда болдық. Осы іс-шараның мақсаты – жас буынға Мақтаарал өңірінің тарихи тұлғалары мен тарихи ескерткіштерді оқушыларға таныстыру, осы жерде өмір сүрген ата-бабаларымыздың өмір салты мен олардың арттарында қалдырған еңбектерін нақты көрсетіп, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.        Экскурсия кезінде  оларға – тарихтың ...

Read More »

15-ҚАРАША – БАТЫРЛАР КҮНІ

Қамал бұзар қазақтың батырлары, Намыс-от боп жан-күйі лапылдады. Арыстандай белгілі айбаттанып, Жолбарыстай жауына атылғаны…   Елдік үшін мұз шайнап, отқа кірген, Ерлік құрып еңселі топқа кірген Жаудың легі жеткенде ел шетіне, Атой салып ал сонда атқа мінген.   Ауылдастан кезі жоқ алыс қонған, Қарындастан жері жоқ қалыс қалған. Толағай төс,бура жон батырлар-ай, Найзасының ұшында намыс жанған.   Бүлік салып бой ...

Read More »

БАЛАНЫ – ЖАСТАН …

         Бала – әр жаста белгілі бір морфологиялық, физиологиялық, психологиялық және  рухани тұрғыдан үнемі дамып отыратын адамның кемелдену кезеңінің бастауы. Тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын балаға әсер ету процесі. Әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері арқылы адами құндылықтары қалыптасады. «Тәрбие – тал бесіктен» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек.  «Бала тәрбиесі өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке ...

Read More »

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

          Соңғы жылдары мектептегі оқу үрдісінде негізгі оқу пәндерін бір-бірімен ұштастыра жүргізу, жекелеген пәндерден оқушыларға қажетті білімді біртұтас, табиғи-ғылыми бірлікте беру жағына көңіл аударыла бастады.       Оның себебі әрбір пәннен бағдарлама бөлек, өз алдына жасалады да, пәндер бір-бірімен ұштастырылмай, жеке-жеке жүргізіледі. Ал оларды қабылдайтын оқушы өздігінен әрбір пәннің арасындағы байланысты, оларға ортақ заңдылық пен ұқсастықты жинақтай ...

Read More »

ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

            Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартап технопаркі Astana Hub 4 жылғы қызметінің нәтижесімен бөліседі.            Astana Hub қызметі IT-бизнес үшін экожүйені қалыптастыруға, IT-таланттарды қолдауға және стартап жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда Astana Hub-та 930 IT-компания тіркелген, соның ішінде 170-і шетелдік қатысумен. Оларға ақпараттық-оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық ...

Read More »

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

        Біздің кітапханамызда осы аптада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, ұлтымыздың ұстазы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерінің бірі, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тұлға тану шарасы болып өтті.        Бұл рухани шараның басты мақсаты – ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМ

        Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып саналған. Қазақстандағы туристік ресурстарға: туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм ...

Read More »

МАҚАЛ-МӘТЕЛГЕ АЙНАЛҒАН ХАДИСТЕР

           Мақал-мәтел арқылы халықтың мәдениеті мен болмысын, тұрмыс-тіршілігі мен этикалық тағылымын, бір сөзбен айтар болсақ, адам өмірінің өткені мен бүгінін танып-білуге арналған дүниелердi айқындауға болады. Сол себепті мақал мен мәтел – халық жадында ұзақ сақталып келе жатқан һәм тіл атаулының қай саласында болмасын ұзақ ғұмыр кешетін тiлдiк бөлшек.           Мақал мен мәтелдер ...

Read More »

АТА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛМЫСЫ

       «Үй маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең» – деген екен халқымыз, тұла бойымызға даналық, мейірімділік қасиеттерін сіңірген асыл жанымыз – атамыздың берген батасы, сезімге толы сөздері әлемдегі ең қасиетті сөздер болып саналады.        Қазақ халқының тәрбиелік және тәлімдік ой-пікірлері мен жол-жораларының маңызы мынадай жайттарда айшықтала түседі: қазақ ...

Read More »

ЖАС МАМАНДАРДЫ ОҚЫТАТЫН GAMEDEV CENTER АШЫЛДЫ

        Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде құрылған GameDev орталығы Қазақстандағы мобильді және компьютерлік ойындардың дамуына үлес қосады. Мұнда 3D модельдеу және анимация негіздеріне тегін оқытып, gamedev стартаптарын дамытады, ал қазақстандық gamedev қауымдастығы үшін білікті кадрлар тапшылығы мәселесі шешіледі.         «Ғаламдық GameDev нарығы 175 миллиард долларға бағаланады. Дүние жүзінде құны 1 миллиард доллардан асатын 30-ға ...

Read More »