Home » Қоғам » Білім саласы » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРУШІ ФАКТОР

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРУШІ ФАКТОР


Турсунов Халим Жорабайұлы 1979 жылы 14 ақпанда Жылы су ауылдық округіне қарасты Әл-Фараби ауылында дүниеге келген. Аталмыш ауылдағы мектепті бітіріп, 1997-2001 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Жылы су ауылдық округіне қарасты қазіргі «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасады. 2008-2010 жылдар аралығында Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық техникалық университетінде педагог-психолог мамандығы бойынша білімін толықтырып, қазіргі таңда аталмыш мектепте екі мамандық бойынша қызмет атқаруда. Жұмыс барысында аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысып, «Ұстаз жаршысы», «Оңтүстік Қазақстан», «Жеті сыр», «Жаңа Жетісай» сынды басылымдарда мақалалары жарияланған. Сондай-ақ, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысып түрлі сертификаттар мен Алғыс хаттармен, «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған. Әкесі Турсунов Жорабай Кенжебайұлы 1955 жылы, Жылы су ауылдық округінде дүниеге келіп, Өзбекстан Республикасындағы Ташкент ауылшаруашылық техникумын және институтын бітіріп, Жылы су ауылдық округінде аға бригадир, аға огроном, басқарушы болып қызметтер атқарған. Анасы Турсунова Айша Файзуллаевна 1959 жылы Достық ауылдық округінде дүниеге келген. Отбасында алты ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы. Барлық балалары жоғары білімді, екі ұлы «Х.Доспанова» мектебінде мұғалім болса, бірі Жетісай қаласындағы «Ғ.Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде оқытушы, кенжесі Жетісай ауданы бойынша қазақ күресінен жаттықтырушы. Халим Турсуновтың отбасын бір спортшылар отбасы деуге болады. Себебі бауырларымен қоса өзінің перзенттері де спортшылар. Отбасында бір ұл, бес қыз тәрбиелеп отырған Халим Жорабайұлының ұлы Жорабаев Жалолиддин қазақ күресінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Күні кеше 11 сынып оқитын қызы Турсунова Гулназ Түркістан облысында қыздар арасында өткен жарыста ІІІ орынды иеленді. Одан бөлек аудандық, облыстық деңгейдегі бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған. «Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтың тілі», деген ұстанымды ұстанған Халим Турсунов мемлкеттік тілдің мәртебесін көтеру, ел бірлігін нығайту жолында көптеген игі істердің ұйымдастырушысы. Және өзі туып-өскен ауылындағы бүгінгі таңда қызмет етіп жатқан мектепке қазақтың батыр қызы, Халық қаһарманы «Х.Доспанованың» атауы берілуіне де көптеген үлес қосқан азамат.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...