«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына өтетін “Еркін сөз”-2024 шығармашылық байқауының ережесі. Жалпы ережелер «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді. Байқаудың міндеттері: Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін ...
Read More »СЕРІК ҮСЕНҰЛЫ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жетісай ауданының мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ауданның ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Дихандардың уәжін жеткізген Серік Үсенұлы зауыт басшыларына бірқатар талаптар қойды. «Бүгін сіздермен ауданымыздың шаруалары үшін маңызды ...
Read More »АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бүгінде 80 мың гектарға тарта суармалы жері бар Жетісай ауданында ағымдағы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдары егілген болатын. Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру ...
Read More »БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Бүгінде елімізде өндірілетін электр энергиясы негізінен көмір, газ, мазут секілді отындарды пайдалана отырып алынатындықтан, біздің мемлекетіміз ауаны ластаушы қалдықтарға қатысты халықаралық міндеттемелерін орындауда қиындықтар көруде. Одан бөлек, халықаралық қаржы ұйымдарының көмір электр станцияларын салу не оларды күрделі жөндеуге қатысты жобаларды қаржыландырудан жаппай бас тартып жатқанын да есте ұстауымыз керек. Сонымен қатар, жыл сайын өсіп келе жатқан ...
Read More »ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ауданымыздың басшысы Бақыт Асанов аудандық Мәдениет үйінің залында ауданның шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерін басып қосып, инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді. Өздеріңізге белгілі, облысымыздың әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берлген болатын. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері ауданәкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық ...
Read More »2,5 ПАЙЫЗДЫҚ МИКРОКРЕДИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?
Кредитті қандай мақсатта алуға болады? 2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі. Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады. ◼ Микрокредит шарты қандай? * Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат ...
Read More »«She’s Next Pitch Day» жеңімпаздары анықталды
Алматыда She’s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының соңғы кезеңі болған She’s Next Pitch Day іс-шарасы өтті. Финалистер қазылар алқасының алдында өздерінің бизнес-идеялары мен жоспарларын таныстырды, содан кейін үздік екі жоба («Қолданыстағы бизнес» санатында біреу және «Бастаушы бизнес» санатында біреу) анықталды. Марапаттау рәсімінде жобаның негізгі номинациясы бойынша Visa компаниясынан әрқайсысы 7 миллион теңгекөлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан 50 ...
Read More »АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдениет үйлерінде болып, құрылыстардың барысымен танысты. Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа ...
Read More »HUBBLENETWORK ЖӘНЕ ASTRANIS КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында министр Жаслан Мәдиев Hubble Network компаниясының негізін қалаушы және атқарушы өкілі Алекс Харомен, сондай-ақ Astranis компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулерде ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. HubbleNetwork-пен ҚР аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді. Компанияның шешімдерін пайдалану сенімді байланыс пен ...
Read More »МАҚСАТ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру болып табылады. Оның шарты бойынша ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен берілуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында еліміз бойынша 12,2 млрд. теңгеге 75,5 мың шағын несие ...
Read More »