Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған – оқу сабақтары және жаттықтыру сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ – оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Жаттықтыру – жүйелі таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, туристік жорықтар, шаңғымен сырғанау т.б. орындалады. Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлініп жүргізіледі.
          Күн тәртібі ішінде физкультесттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасындағы тынығу, кластан тыс спорт түрлерімен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары және т.б. Оқу сабағы – жалпы білім беру және спорттық мектептерде, кәсіптік техникалық училищелерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында өткізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
         Дене тәрбиесі жүйесіне арналған оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спорт залына кірерде сапқа тұру т.б. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.
          Кіріспе бөлімнің негізгі міндеті – оқушылардың организмін сабақтың негізгі бөлімнің қимыл-әрекетіне функционалдық дайындау. Ол оқушыларға таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін жаттығулар көмегімен орындалады. Жүру, жүгіру жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би адымдары, қозғалмалы ойындар элементтері, ртүрлі сипатта сапқа тұрулар және басқа біртіндеп көтерілген бір қалыпты жүктемелі жаттығулар осы кіріспе бөлімде жиі қолданылады.
          Жаңа материалды меңгеру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің басында орындалады, сонан соң дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндеттерді орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламасында белгіленген дене тәрбиесі жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минутке жаттықтыру сабақтарында 90 минутке дейін созылады.
          Қорытынды бөлімде организмнің функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді. Снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты рекеттер жаттығушыларды жайландырады, ауыр жаттығудан соң біраз бой жазуына септігін тигізеді. Бұл бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі жне босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жәй қарапайым сипаттағы ойындар т.б.
Есимбеков Дидар Ахметович,
«Баяндай негізгі орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
 Баяндай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1