Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды

Тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды

          Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер Медиа форумы аясында алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ қауымдастығының бірлесуімен өткен бұл сайыс ұлттық ойынның мәртебесін көтеріп қана қоймай, журналистердің шығармашылық байланысын жаңа деңгейге көтерді.

          Қазақстанның әр өңірінен жиналған қалам иелері ұлттық интеллектуалды ойынға деген қызығушылығы мен шеберлігін көрсетіп, тартысты бәсекенің көрігін қыздырды. Қатысушылар саны қырыққа жуықтап, жарыс ерлер және әйелдер арасында бөлек өткізілді. Турнирге арнайы шақырылған тәжірибелі сарапшылар мен белгілі мамандар қазылық жасап, ойыншылардың тактикалық шеберлігін бағалап, әділ шешім шығарды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-жобасы журналистер қауымының өзара ынтымағын арттырып, ұлттық мұраның насихатталуына үлкен серпін бермек.
         Жарыс қорытындысында қыздар арасында бірінші орынды «Хабар» телеарнасы Алматы филиалының продюсері Гүлжан Қызайбай жеңіп алды. Екінші орынға Семей қаласының блогері Ақнұр Қайратқызы ие болса, үздік үштікті Салтанат Қажыкен түйіндеді. Төртінші орын Алматы қаласының студенті Томирис Маратқызына бұйырды.
          Жігіттер арасында үздік нәтижені Sportpress.kz сайтының өкілі Нұрлан Құмар көрсетті. Одан кейінгі орындарды Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Тұрар Ғабдырашитұлы мен Алматыдан келген ТТЖҚ медиатренері Ерсұлтан Хожалепес иеленді. Төртінші орынға «Сыр медиа» ұжымының өкілі, қызылордалық Мақсұт Ибрашев лайық деп танылды.
             Барлық жүлдегерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, ұйымдастырушылардың алғыс хаттары берілді. Бұл турнир ұлттық ойынды дәріптеудің, журналистер қауымын біріктіріп, рухани байланысын бекемдеудің жарқын үлгісіне айналды. Қалам арқылы қоғамға ықпал ететін маман иелерінің осындай интеллектуалды додаға белсене қатысуы қуантады.
Жадыра МҮСІЛІМ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1