Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ "ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ" ТУРНИРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

     Жуырда «IT және жаңа технологиялар Жоғары колледж қабырғасында  «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай Абай облысының Колледждері арасында «Тоғызқұмалақ» турнирі болып өтті. Ұйымдастырылған іс-шара мемлекеттік Әнұранмен салтанатты түрде ашылып, аталған колледж басқармасының өкілі  құттықтау сөз сөйледі.   
          Аталған турнирге барлығы 5 команда (16 студент) қатысты. Атап айтқанда, «Геодезия және картография колледжі», «Бизнес және Сервис жоғары колледжі», «Семей Көп салалы колледжі»,  «Семей медицина колледжі», «IT және жаңа технологиялар Жоғары колледждері» өзара тартысқа түсіп, жүлделі орындарды бөлісті.
        Айта кетейік, «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорттық ойыны жылдан жылға қарқындап өркен жайып, бұған жастардың қызығушылығы айтарлықтай оянып келеді.
          Сонымен, ойын қорытындысында, командалық есепте жоғары көрсеткішке қол жеткізген командалар мынадай мәртебелі жүлделі орындарға ие болды:
           I орынды — «IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжі» (Мұратұлы Руслан — Кубок игері)
         II орынды — «Семей Көп салалы колледжі» (Дулатқызы Аружан- Кубок игері)
        III орынды — «IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжі» (Махмудов Нұрсұлтан — Кубок игері)
         Барлық қатысушылар үшін «Сыйлық» табысталып, «Алғыс хатпен» марапатталды.  Сонымен бірге, олардың жаттықтырушыларына да, ұйымдастыру, қазылар алқасы мен колледжі басшылығына партия төрағасы Қ.Смағұловтың атынан «Алғыс хаттар», «естелік сыйлықтар» табысталды.
          Ашылу сөзі мен жабылу рәсімінде «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы бір ауыз сөз сөйлеп, осындай іс-шара көптеп өткізіліп, жастарға көңіл бөліп, олардың патриоттық сана-сезімін ояту бағытында «Ауыл» партиясының рөлі зор екенін атап өтті.
        Мұндай іс-шаралар,  жастардың ұлттық спортқа қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай-ақ, «Тоғызқұмалақ» ойыны интеллектуалдық сананың өрісі.
           Турнир соңында, жиынтық фотосуретке түсіп, келесі жолы да мұндай ұлттық нақыштағы өрнекті додалар өз жалғасын табады деген сеніммен тарқасты.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1